Хабарландыру
«БЖЗҚ»АҚ Ашық есік күні
Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2023 жылғы 29 қарашада "БЖЗҚ" АҚ ашық есік күнін өткізеді.
Күннің басты тақырыбы: "Ұлттық қор-балаларға".
"Ұлттық қор – балаларға" әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік жобасының мақсаты қандай?
"Ұлттық қор-балаларға" жобасы қашан және қалай жүзеге асырылады?
Баланың бағдарламаға қатысуы үшін не істеу керек?
Балалар өз жинақтарын қалай және қандай мақсаттарға ала алады?
Жыл сайынғы түсімдердің сомасы қалай есептеледі?
Ата-аналар немесе заңды өкілдер баласының төлемдерін қайда және қалай бақылай алады?
Алғашқы қаражат балалардың шоттарына қашан түседі?
– осы және басқа да сұрақтарға БЖЗҚ қызметкерлері жауап беріп, қатысушыларға "Ұлттық қор - балаларға" жобасының мақсаты және оны қолжетімді әрі түсінікті түрде іске асыру тетігі туралы айтып береді.
Ашық есік күні 2023 жылғы 29 қарашада онлайн-форматта өтеді сағат астана уақытымен 10:00
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы https://us05web.zoom.us/j/81727107554?pwd=RsUZNUaSRGXaftJ1KJo3yhOWNHsco3.1
өту керек, содан кейін
event-кеңестің нөмірін енгізу қажет: 817 2710 7554және
event-кеңестің паролі: 1234
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және Ашық есік күніне қатысуға барлық ниет білдірушілерді күтуде!