1-шағын мәтін
БЖЗҚ - "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасының операторы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аталмыш бағдарлама операторы болып айқындалды. БЖЗҚ міндеті – балалардың нысаналы талаптарын (балалар 18 жасқа толғанға дейін есептелген міндеттемелерді), нысаналы активтерді, балалардың нысаналы жинақтау шоттарындағы (НЖШ) нысаналы жинақтарды есепке алу, балалар18 жасқа толған кезде оларға нысаналы жинақтарды төлеуді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жыл сайын БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін инвестициялау нәтижелері туралы есеп жіберетін болады.
Есепте Ұлттық қордың орташа инвестициялық кірісінің (ОИК) 50% сомасы, ОИК мөлшерлемесі және балалардың бұрын қалыптастырылған нысаналы талаптарына есептелген кіріс сомасы туралы ақпарат қамтылады. ОИК есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішіндегі Ұлттық қордың кірістілігі бойынша тарихи деректерге сүйене отырып есептеледі.
БЖЗҚ 18 жасқа дейінгі балалар туралы деректерді (ТАӘ, ЖСН, туған күні, Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы) "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қорынан (ЖТ МДҚ) алады. Осы мәліметтер негізінде бір балаға арналған мақсатты талаптардың сомасы есептеледі.
Баласының бағдарламаға қатысушы болғаны туралы мәліметтерді ата-аналар egov.kzпорталындағы өзінің жеке кабинетінен ала алады. Бағдарлама бойынша үнемі жасалып отыратын есептер enpf.kzсайтына да орналастырылатын болады.
2-шағын мәтін
Бір балаға тиесілі нысаналы талаптардың сомасы қалай есептеледі
Барлық мақсатты талаптарды(әр балаға, бағдарламаға қатысушыға есептелген міндеттемелердің), мақсатты жинақтарды және мақсатты активтерді (инвестицияларды)есепке алу АҚШ долларымен жүзеге асырылады.
1 балаға арналған нысаналы талаптар сомасы (НТС) жыл сайын мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
У -қатысушыбалалардыңжалпы саны (есептіжылдыңсоңына);
S - келесібалаларбойыншатүзетулердіескереотырып, ҰлттыққордыңОИК-тен(есептіжылүшін) 50% сомасы:
- ҚазақстанРеспубликасыныңазаматтығынанайрылу/шығусебебібойыншакеткен(есептіжылішінде);
- электрондықтізімгеқатеенгізілгенжәнеанықталған(есептіжылішінде);
- электрондықтізімдежоқжәнекейіннен анықталған(есептіжылішінде).