БЖЗҚ - "Ұлттыққор – балаларға" бағдарламасышеңберінде нысаналыжинақтаушоттарының операторы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

БЖЗҚ - "Ұлттыққор – балаларға" бағдарламасышеңберінде

нысаналыжинақтаушоттарының операторы

 

2024 жылғы 1 қаңтарданбастапмемлекетбасшысыныңтапсырмасыбойынша "Ұлттыққор–балаларға"жобасыніскеқосужоспарлануда.

ЖобағасәйкесҚазақстанныңазаматы болып табылатынбарлықбалаларға жылсайынҚазақстанРеспубликасыҰлттыққорының (бұданәрі – Ұлттыққор) инвестициялықтабысының 50% есептелетінболады. Бұлреттетабысесептіжылдыңалдындағы он сегізжылбойыншаорташаланады. Бұдан бөлек, балаларғаесепті жылға дейінгі жылдары есептелгенсомаларҰлттыққорактивтерініңқұрамында инвестициялануды жалғастыра береді. Нәтижесіндеоларғақосымшаинвестициялықкірісесептелетінболады.

Балалар 18 жасқатолғанғадейіннысаналыталаптар мен инвестициялықтабысмерзіміненбұрыналуқұқығынсызесептелетінболады. 18 жасқатолғаннанкейінбалаларжинақтардыекімақсатқа – тұрғынүйжағдайларынжақсартуғажәне (немесе) білімалуғаақытөлеу үшінпайдалануқұқығыналады.

Бірыңғайжинақтаушызейнетақықорынысаналыталаптарды (міндеттемелерді), нысаналыактивтерді, нысаналыжинақтаушоттарындағы (бұданәрі – НЖШ) нысаналыжинақтардыесепкеалу, нысаналыжинақтардытөлеудіжүзегеасыружөніндегі оператор болып айқындалды.

Айта кеткен жөн, БЖЗҚ әлеуметтікмаңызы бар жобалардыіскеасырудаүлкентәжірибеге ие. Оның дербестендірілген есеп пен қашықтан қызмет көрсетуге арналған бірегей ақпараттық-технологиялық жүйелері, халыққа қолжетімді қызметтер көрсететін дамыған өңірлік желісі бар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жыл сайын БЖЗҚ-ға Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің (бұдан әрі- ОИК) 50% сомасы, ОИК мөлшерлемесі және Нысаналы талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптастырылған нысаналы талаптарына есептелген табыс сомасы туралы ақпаратты қамтитын Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есепті жібереді деп көзделуде.

БЖЗҚ жыл сайын қаңтар айында ҚР Әділет министрлігіне салыстыру үшін есепті жылдың 31 желтоқсанының аяғындағы жағдай бойынша балалардың, яғни "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде дербес қалыптастырылған нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін беретін болады.

ҚРҰБ-тан алынған Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің 50% сомасы туралы ақпараттың, БЖЗҚ мен ҚР ӘМқол қойған салыстыру актісінің негізінде БЖЗҚ нысаналы талаптардың бір қатысушысына тиесілі нысаналы талаптардың сомасын есептеп, бұл деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді.

Бала 18 жасқа толғанда БЖЗҚ-да НЖШ ашылады. Ондағы қаражатты "Қазпошта" АҚ және екінші деңгейдегі банктер ретіндегі уәкілетті операторлар арқылы тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалануға болады.

Қаражат НЖШ-ға аударылғаннан кейін инвестициялануын тоқтатады. Жинақтарды пайдалануға өтініш, сондай-ақ, олардың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар уәкілетті операторға беріледі. БЖЗҚ алушылардың уәкілетті операторда ашылған банктік шоттарына нысаналы жинақтарды төлеуді АҚШ долларымен жүзеге асыратын болады.

Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткендер Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.

Алушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 (он) жыл ішінде төлемдер алуға өтініш бермеген жағдайда, талап етілмеген нысаналы жинақтау сомасы ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Оларды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Баланың бағдарламаға қатысушы болып табылатындығы туралы ақпаратты заңды өкілдер egov.kz порталындағы өзінің жеке кабинетінен ала алады.

Бұдан басқа, бағдарлама бойынша үнемі жасалып отыратын есептер БЖЗҚ-ның enpf.kzресми сайтында орналастырылады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 ноября 2023