СОЗАҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ХАБАРЛАЙДЫ.
Бүгін 2023 жылдың 5 қараша күні Созақ ауданы әкімінің сайлауы өтуде. "Қазақстан Республикасының Сайлау туралы" Конституциялық заңының талаптарына сәйкес 39 учаскелік сайлау комиссиялары таңғы сағат 07-00 де ашылып (оның ішінде Созақ ауданында №721, 722 сайлау учаскелері "Қазақстан Республикасының Сайлау туралы" Конституциялық заңының 38-бабы 1-тармағы негізінде дауыс беру уақыты сағат 06-00 ге өзгертілді) сайлаушылардың дауыс берулері басталды.