Қарақұр ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (шілде айы )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарақұр ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

(шілде  айы )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарақұр  ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Қарақұр  ауылдық округінің

Негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Халық саны. 2023 жылдың 1 қаңтарға халық саны  3246 адамды құрады.

Жер көлемі.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 455147,28 гектарды құрайды, оның ішінде,елдімекен жері 275077,00 га, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 90035,17 гектар. Агроқұрылымдар жері егістік көлемі 326,9 гектар, жайлымдық көлемі 88567,0  гектар, шабындық көлемі 1141,21 га.

Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны 3521 бас, қой мен ешкі 31739 бас, жылқы 2495 бас,түйе 1976 бас, кұс 2500 бас құрайды

Кәсіпкерлік.Елді мекенде 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 2 ауыл шаруашылығы кооперативі, 19 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны -17.

.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 70 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  24 341 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 53076 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40567 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3450 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023-2025 жылдарға арналған Қарақұр ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2023-2025жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №159 шешімімен бекітілді.

 

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

92557

58535

58535

Салықтық түсімдер

9710

10034

10355

Салықтық емес түсiмдер

690

720

720

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

63979

47781

47460

Субвенция

63979

47781

47460

Ағымдағы нысаналы трансферттер

   18178

   

Шығындар, оның ішінде:

95806

58535

58535

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

58840

55709

55709

Бiлiм беру

 

 

 

Әләуметтік көмек және әләуметтік қамтамасыз ету

 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

36966

2626

2626

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

200

200

мың теңге

Атауы

2023 жыл

жоспар

орындалуы

1. Кірістер, оның ішінде:

92557

5770

5770

Салықтық түсімдер

9710

       1053

       1053

Салықтық емес түсiмдер

690

57

57

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

63979

4660

4660

Субвенция

63979

4660

4660

Ағымдағы нысаналы трансферттер

   18178

 

 

Шығындар, оның ішінде:

95806

5770

5770

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

58840

5445

5445

Бiлiм беру

     

Әләуметтік көмек және әләуметтік қамтамасыз ету

     

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

36966

325

325

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

 

 

 

 

2023-2025жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2023-2025жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2023 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына

58840 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

         Бұл сала бойынша 2023 жылға 27826 мың теңге қаралған. Атап айтқанда,елді мекеннің Наурыз көшесінің көше жарықтандыруын қамтамасыз етуге 11255 мың теңге, көше жарықтандыруының электрқуатына 1426 мың, көше жарықтандыруын күтіп ұстауға 325 мың, Абай көше жарықтандыруына 13623 мың, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 1197 мың теңге қаралған.

 

Мемлекеттік органның күрделі шығыстарын сатып алуға

 

         2023 жылы Мемлекеттік органның күрделі шығыстарын сатып алуға көлік құралдарын сатып алуға-7840,0 мың теңге, принтер көшірмесімен және процессор                    400,0 мың теңге,мекемеге ҚР мем. Елтаңбасын 50,0 мың теңге, әкімшілік іс қозғау үшін плпншеттік компьютер сатып алуға 850,0 мың теңге   қаралған.

 

Дата публикации
30 октября 2023