Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясыныңаудан әкіміне үміткер Т. А. Әбдіреевті тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға қатысты ХАБАРЛАМАСЫ.

 

 

Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясыныңаудан әкіміне үміткер Т. А. Әбдіреевті тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға қатысты

ХАБАРЛАМАСЫ.

 

2023 жылғы 28 қыркүйекте Төлеген Алмасұлы Әбдіреев пилоттық жоба шеңберінде аудан әкімінің сайлауында Қазақстан Халық партиясынан Түркістан облысы Созақ ауданы әкіміне үміткер ретінде Созақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясына құжаттар тапсырды. 

2023 жылғы 4 қазанда Созақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен  Т. А. Әбдіреевті аудан әкімінеүміткер болып тіркелді.

2023 жылғы 10 қазанда Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің Созақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жауабы негізінде үміткер тапсырған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның дұрыс еместігі анықталуына байланыстыүміткер Т.А. Әбдіреевті  тіркеу туралы шешімнің күші жойылды.

Т. А. Әбдіреев шешіммен келіспей 2023 жылғы 11 қазанда сотқа Түркістан облысы Созақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының және Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімдерін заңсыз деп танып, оның күшін жою туралы талап арыз берді.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 14 қазандағы шешімімен Т. А. Әбдіреевтің талабын қанағаттандырудан бас тартылды. Т. А. Абдреев соттың аталған шешіміне апелляциялық шағым берді, оның қорытындысы бойынша сот талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Сот Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына қатаң сәйкес қабылданғанын таныды.

Дата публикации
20 октября 2023