Кандидаттарға қойылатын талаптар

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Сайлау туралы Конституциялық заңда қойылатын талаптар

  • Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңда белгіленген тәртіппен танылған адам кандидат бола алмайды

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңда қойылатын талаптар *

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • жасы 25 жастанкішіемес

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада қойылатын талаптар

  • Мемлекеттік қызмет туралы заңда азамат мемлекеттік қызметке қабылдана алмайтын талаптар көзделген
  • Кандидат осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс

 

* Сол бір адам сол бір ауданның әкімі болып қатарынан екіреттен артық сайлана алмайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кандидаттарды ұсыну тәсілдері

Кандидаттар келесі жолдармен ұсынылуы мүмкін:

  • Саясипартиялар өз мүшелерінің қатарынан. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы;

2)  дауыс беруге құқығы бар тиісті аудан аумағындағы сайлаушыларының жалпы санының кемінде   1% - ының қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен

 

          Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса, онда сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады және жоғары тұрған әкімбір не екі кандидат ұсынуға құқылы

 

 

Әкімдікке кандидаттарды ұсыну кезеңі

Аудан әкімі лауазымынакандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен бастапбасталады,сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда жергілікті уақыт бойыншасағат 18.00аяқталады

 

Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса,  сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіркеу қажетті құжаттар болған кезде жүзеге асырылады

Саяси партия ұсынған кезде

1) азаматтың кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар;

5) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;

6) осы саяси партияны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

7) адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжат

 

Өзін-өзі ұсынған кезде

1) азаматтың кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші

2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;

6) кандидатты қолдау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік сайлаушыларының қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы

 

Әкім ұсынған кезде

1) азаматтың кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;

6) Жоғары тұрғанәкімніңұсынымы

 

 

 

 

Дата публикации
28 сентября 2023