Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ көшелерге атауберу туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ №1

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№1

 

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 10:00

 

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар:жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №1 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:25 адам

 

                                             Күн тәртібінде

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №1 көшеге «Достық» атауын беру туралы.

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

    Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктерінеатау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №1көшеге «Достық» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге «Достық» атауын беру  туралы ұсыныс тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

                                   Өзара пікір алмасу мазмұны

ДОСТЫҚ –адамдардың бір - біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының өзіде жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында». Достыққа қарама-қарсы ұғым – қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу – өмірлік мақсаттардың бірі. Саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №1 көшеге «Достық» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -25 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

 

 

                                            Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №1 көшеге    «Достық»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№2

 

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 10:30

 

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №2 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:20 адам

           Күн тәртібінде

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №2 көшеге «Шиліөзен» атауын беру туралы.

 

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

    Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктерінеатау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №2 көшеге «Шиліөзен» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге «Шиліөзен» атауын беру бойынша тұрғындардан ұсыныс  түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

Өзара пікір алмасу мазмұны

 

Шиліөзен-Жартытөбе ауылының маңындағы жер атауы. Шиліөзен қанымсай деп қатар айтылады. Шиліөзеннен жоғары орналасқан Қанымсай шатқалында «Қандым» деген өсімдік өседі. Өсімдік тау беткейін өрлеп өседі ұзындығы 5-6 метрге дейін. Күзде қураған кезінде бұталарын жиып алып самаурын қайнатуға пайдаланады. Қанымсайда сонымен қатар боз жусан, киік оты, қылша деп аталатын емдік қасиеті бар шөптер өседі. Шиліөзеннің бойында қалың жалпақ ши өскен біздің бала кезімізде оның ішіндегі ірі қара малдар шиден көрінбейтін еді. 1960 жылы қуаңшылықтың себебінен шиді орғызып жіберді. Қазір қаулап қайта өсіп келеді.

Ел аузындағы өлеңде:

Шилі өзен қамысы –ай

Бізді ойлай жүр таныс-ай –деп қате берілген дұрысы:

Шиліөзен , қанымсай

Бізді ойлай жүр танысай

Шиліөзеннің бойында ешқандай қамыс өспейді.

Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №2  көшеге «Шиліөзен» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -20 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

 

                                            Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №2 көшеге  «Шилі өзен»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№3

 

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 11:00

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №3 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:15адам

                                             Күн тәртібінде

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №3 көшеге «Болашақ» атауын беру туралы.

 

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

    Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктерінеатау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №3 көшеге «Болашақ» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге «Болашақ» атауын беру бойынша тұрғындардан ұсыныс  түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

Болашақ немесе келешек — алдағы уақыт, көп нәрселер болмаған, бірақ болатын қазіргі шақтан кейінгі уақыт кезеңінің бір бөлігі. Болашақ уақытпен қатар мекенмен де сипаттайды.

Болашақ— бүгінгі шындықтың келешектегі қалпы мен жайын білдіру үшін қолданылатын ұғым. Болашақ адамның, қоғамның, жалпы адамзаттың және құбылыстардың келесі даму сатылары болып табылады. Адамзаттың Болашағы адамдардың нақты тарихи-практикалық қызметімен айқындалады. Нақты өмірдің жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасай отырып болашақты белгілі дәрежеде болжауға болады. Қазір алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №3 көшеге «Болашақ» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -15 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

                                            Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №3 көшеге    «Болашақ»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата елді мекеніндегі  атауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№1

 

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 12:00

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №1 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:20 адам

                                             Күн тәртібінде

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №1 көшеге «Жібек жолы» атауын беру туралы.

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

    Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне  атау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №1 көшеге «Жібек жолы» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген.  Аталған көшеге «Жібек жолы» атауын беру  туралы ұсыныс тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

                                   Өзара пікір алмасу мазмұны

«Жібек  жолы» –  Қытайдың  Хуанхе  өзенінен басталып, Қиыр Шығыс  пен  Еуропа  елдеріне  беттеген  керуен  жолы. Бұл  жол  адамзат  өркениеті  жасаған  тарихи  ескерткіштердің  бірі. Біздің  дәуірімізден  бұрынғы  II  ғасырда  бастаған  бұл жол   Еуропа  мен  Азияның,  яғни   Батыс  пен  Шығыстың  арасын  жалғастырған  көпір  болған.  «Ұлы  Жібек  жолы»- Жерорта  теңізінен  Қытайға  дейінгі  Еуразияны  көктей  өтіп  жатқан  керуен  жолдарының  тоғысқан  торабы.  Ол сонау  ежелгі  дәуірдегі  орта  ғасырдағы  осы  аймақтардың  сауда  және  мәдени  байланыстарының  тұсауын  кескен  аса  маңызды  қатынас  жолы. Жалпы  адамзат  тарихы  бойынша  Шығыс  пен  Батыс  халықтарының  арасында  қалыптасқан  бейбіт  қарым-қатынас  сырын  жан-жақты  зерттеп  білу  қазіргі  таңдағы  мәдениетті  өркендетуде  маңызы  зор.  Осы  тұрғыдан  алғанда  Жібек  жолын  көктей  өтетін  елдердің  ғылыми  және  мәдени  топтарының  арасында  мәлімеге  келу  байланыстарын  орнатуға  әсер  ететін  өзекті  мәселе.

«Ұлы  Жібек  жолының» пайда  болу  тарихы  осынау  тарихи  жолдың жібек  саудасына  байланысты  «Жібек  Жолы»  атанған.

          Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №1 көшеге «Жібек жолы» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -20 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

                                            Қабылданған шешім

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №1 көшеге    «Жібек жолы»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№2

 

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 12:00

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №2 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:15 адам

 

                     Күн тәртібінде

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №2 көшеге «Баладж» атауын беру туралы.

 

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

    Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктерінеатау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №2 көшеге «Баладж» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге «Баладж» атауын беру бойынша тұрғындардан ұсыныс  түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

Баладж қаласы Испиджаб алқабындағы 10 ғасырдағы географ әл-Мақдисидің қалалар тізімінде көрсетілген. Зерттеушілер Баладж қаласын Баба-Ата қалашығына сәйкес келеді деп санайды. Қалашық өзімен аттас өзен бойының орта ағысынд, Оңтүстік Қазақстанның Баба-Ата ауылының шетінде орналасқан. Ол туралы аңызда бар. Бір кездері бұл бекініс осыдан мың жылдан астам уақыт бұрын кесене салған Ысқақ-Бабаның тұрағы болған екен. Расымен-ақ,қалашыққа таяу жерде 15-16 ғасырларға жататың белгісіз кесененің қирандылары табылды. Жахба деректерде Баладж жайлы мағұлымат тіпті аз Оған себеп ежелгі қаланың үлкен сауда жолынан тысқары орналасқандығы болса керек. Сауда жолы Талас жазығы, Қаратаудың солтүстік бөктерлері және Саудакент, Құмкент, Созақ қалалары арқылы өтіп, Дешті Қыпшаққа бағыт алады. Қалашықтың көлемі 43 гектарға жуық. Бұл жерде жеті жыл бойы жүргізілген жоспарлы қазба жұмыстары 1953 жылы басталған. Баба-атаның ең көңе бөлігі ішкі қамал. Әлі қала орнықпаған 6-8 ғасырларда, осы араға екі қабатты сарай салыныпты. Ол жикі кірпіштен қаланған көлемі 240 шаршы метір ғимарат еді. Ғимараттың дәл орталығында 8 бұрышты зал болған. Ортасында іші тастан қаланған құдық болған. Зал адам тұруға арналмаған, ол жерде отқа табыныушылықпен байланысты діни-салт жоралғы жасалғған. Оны таза күлі ғана қалған ошаққа қарап білуге болады. Кірер жалғыз есік тек осы залға алып келеді. Екі қабатты ғимараттың барлық тұрғын бөлмелері жоғарыда орналасқан. Екінші қабатқа орталық залды үш жақтан қоршап тұрған бұрамалы баспалдақпен көтерілуге болады. Осы баспалдақтар арқылы шатырға да шыққан. Жоғарыда орналасқан алты бөлме ғимараттың төбесңн жауып тұрған күмбездердегі арнайы жасалған ойықтар арқылы жарықтандырылатын. Ал баспалдақтарға қабырғада қалдырылған тесіктер арқылы түскен. Әйнегі жоқ осындай ойықтар сыр жағынан тар болып көрінгенмен, ішке қарай кеңейе түскен. Бұл бөлмелерге қарай бағытталған сәуленің көбірек жарық беруіне ықпал етеді. Бұл ғимарат 8 ғасырда құлай бастады. Біраз уақыт ол жерде ешкім тұрмағандықтан, жел бөлмелерге құммен сары топырақ толтырып, жарық беретін ойықтарды бітеп тастаған. Нәтежесінде біртіндеп күмбездер опырыла бастады. Осыдан сон бұл ғимарат жана құрылыс үшін пайдаланылған еді.Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №2  көшеге «Баладж» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -15 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

 

                    

                           

 

Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №2 көшеге  «Баладж»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата елді мекеніндегіатауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№3

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 12:30

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №3 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:20адам

                    Күн тәртібінде

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №3 көшеге «Ынтымақ» атауын беру туралы.

 

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктерінеатау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №3 көшеге «Ынтымақ» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге «Ынтымақ» атауын беру тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

Өзара пікір алмасу мазмұны

Ынтымақ- Қазақ халқыежелден татулық пен бірлікті жақсы көрген халық. Ру мен рудың, ағайын мен туыстың, көрші - қолаң мен                            жақын-жаранның бір-бірімен тату, сыйлы, бауырмал болғанын қалаған. Сондықтан рудың, елдің үлкендермен сыйлы, құрметті адамдары                         жан -жағына, айналасына ақылы мен кеңесін айтып, ұрпақтарына өсйет қалдырып, елдің тыныштығымен бейбітшілігін сақтауға тырысқан. Соның арқасында осынау Атыраудан Алтайға дейінгі даланы аман алып қалды десе болады. Қазақ ынтымақ пен бірлікті сүйген халық болғандықтан, қазақ тілінде де татулықты білдіретін, сонымен мәндес сөздер өте көп. Мәселен, бейбітшілік, келісім, келіссөз, тұрақтылық, мәміле, ымыра, мәмілегерлік, бауырмалдық, уағда, уағдаластық, бітім, бітімгершілік, тұтастық, бірлік, ырыс, ынтымақ, ынтымақтастық, береке бірлік, сыйластық, тыныштық, туысқандық, тепе -теңдік, достық, достастық, ауызбіршілік, үйлесімділік, бүтіндік,  бүтіншілік, жарастық, бәтуә, мақұлдық, бітісу, ұйымшылдық, тілектестік, тағы басқа атаулар көп.

Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №3 көшеге «Ынтымақ» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -20 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

 

 

                                            Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №3 көшеге    «Ынтымақ»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата елді мекеніндегіатауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№4

 

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 12:30

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №4 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:15адам

 

 

                                             Күн тәртібінде

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №4 көшеге «Бірлік» атауын беру туралы.

 

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

    Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктерінеатау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №4 көшеге «Бірлік» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге «Бірлік» атауын беру бойынша тұрғындардан ұсыныс түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

Өзара пікір алмасу мазмұны

Бірлік пен береке біздің басты құндылығымыз. Бұл біз үшін алтыннан да қымбат қазына. Ел іргесі бүтін, шаңырағы биік, керегесі кең болуы еліміздегі татулық пен достықтың шынайы көрінісі екені дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Осы татулық пен тұрақтылық мәңгі салтанат құрсын десек, бәріміз бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүруіміз керек. Ол үшін бәріміз қасиетті қазақ жерінсыйлап, қазақ халқына алғыс айтудан шаршамауымыз керек. Өткенсіз бүгін жоқ. Ал бүгін- біздің болашағымымыз.  Осы бір ауыз сөз біздің басты ұстанымымыз. Себебі біз, қасиетті қазақ жерін мекен еткен өзге ұлт өкілдері, әрқашан да қазақтың қамқорлығында. Алматы обылысының Еңбекші қазақ ауданы 25 ауылдық округтен, 79 елді мекенен  және 300 мың тұрғыны бар Есік қаласында тұрады. Бұл өңірде өзге этнос өкілдері көп шоғырланған. Алайда бәрінің мақсаты- татулықты көздейді. Олар  бір-бірінің тіліне, салт- дәстүрімен әдет-ғұрпына, мәдениетімен әдебиеті асқан сыйластық танытады.

         Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №4 көшеге «Бірлік» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -15 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

 

 

                                            Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №4 көшеге    «Бірлік»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Аққолтық елді мекеніндегі  атауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№1

 

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 15:00

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №1 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:20 адам

 

                                             Күн тәртібінде

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №1 көшеге «Бейбітшілік» атауын беру туралы.

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

    Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне  атау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №1 көшеге «Бейбітшілік» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген.  Аталған көшеге «Бейбітшілік» атауын беру  туралы ұсыныс тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

                                   Өзара пікір алмасу мазмұны

 БЕЙБІТШІЛІК- адамдар мен мемлекеттер арасындағы достық қарым - қатынас, соғысушы мемлекеттер арасындағы Қарулы қақтығыстың тоқтатылуы.

         Бейбітшілік - тыныштық, қауіпсіздік қорқынышсыз өмір. Мұхаммед Хайдар  Дулатидің: «Сен әлемді жаулап алма», өйткені онда сансыз  қайғы -қасірет бар. Сен одан да адамның жан дүниесін меңгер.  Ол жерде қаншама әлем бар екенін көресің деген сөзі бар. Бейбітшілік -адамның ең ұлы, ең асыл құндылығы екені сөзсіз. Күллі әлемдегі тыныштықтың, бейбітшіліктің ең басты кілті - сарымайдан қыл суырғандай саяси дипломатия, адами қарым -қатынас, мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатын құрметтеуі.

 Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №1 көшеге «Бейбітшілік» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -20 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

 

 

                                            Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №1 көшеге    «Бейбітшілік»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округінеқарасты Аққолтық елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№2

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 15:00

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №2 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:20 адам

 

                                             Күн тәртібінде

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №2 көшеге «Бәйтерек» атауын беру туралы.

 

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

    Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктерінеатау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №2 көшеге «Бәйтерек» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге «Бәйтерек» атауын беру бойынша тұрғындардан ұсыныс  түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

Ата-бабаларымыз жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санаған. Оны кесуге, қандай да бір зақым келтіруге тыйым салған. Саясында ұзақ отырып демалып, ұйықтауға да болмайтынын ескерткен. Жалғыз өскен ағаштың жанында ұзақ болсаң, сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың деп жалғыздықтың нышанына балаған. Ал құла түздегі жайқалып өскен жалғыз ағаш пен шөлді мекендегі тырбиып өскен бұталарды қасиетті санап, жанында түнеп, шүберек байлайтын болған. Кейбіреулер ол маңда әулие жатыр деп ырымдап, мал сойып, тілеу тілеген.  Бәйтеректің негізгі ұстыны Бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Міне, осы жапырақ жайған алып ағашқа ертедегі ертегілерде кездесетін қасиетті құс – Самұрық айқара жазылған кең қанаттарымен айналасын тұтас жауып ұшып келеді. Ол өмірдің өзегін өркендетіп, үміттің үзірін үкілейтін алып алтын жұмыртқа – Күнді салу үшін Өмір ағашы – Бәйтерекке ұмтыла түскен. Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №2  көшеге «Бәйтерек» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -20 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

                                          Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №2 көшеге  «Бәйтерек»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округінеқарасты Аққолтық елді мекеніндегі  атауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№3

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 16:00

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №3 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:15адам

                                             Күн тәртібінде

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №3 көшеге «Тәуелсіздік» атауын беру туралы.

 

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

    Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктерінеатау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №3 көшеге «Тәуелсіздік» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге «Тәуелсіздік» атауын беру бойынша тұрғындардан ұсыныс  түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

                                   Өзара пікір алмасу мазмұны

Тәуелсіздік – мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. Тәуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің әлемдік қауымдастық мойындаған аумағының болуы; сол аумақты басқаратын мемлекеттік биліктің болуы; елдікті нақыштаған әнұран, тудың және елтаңбаның болуын атауға болады. Әлемдегі 2500-ден аса халықтың 220 -ға жуығының ғана тәуелсіздігі бар. Жаһандану заманыныда тәуелсіздікті ұстап тұру қиындай түсуде. Саяси тәуелсіздікті экономикалық тәуелсіздікпен ұштастырмайынша толыққанды тәуелсіздікке жол жоқ.

          Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №3 көшеге «Тәуелсіздік» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -15 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

                                            Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №3 көшеге    «Тәуелсіздік»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округінеқарасты Аққолтық елді мекеніндегі  атауы жоқ көшелерге   атауберу туралы  жергілікті  қоғамдастық мүшелері жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

№4

Жартытөбе ауылдық округі                                               04.08.2023 ж

                                                                                                 Сағат 16:30

Жиналыс төрағасы: Д.Жусіпов – Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Жиналыс хатшысы: А.Сайлауова - Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті  қоғамдастық мүшелері, Жартытөбе ауылдық округінің №4 атауы жоқ көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:20адам

                                             Күн тәртібінде

Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №4 көшеге «Өркениет» атауын беру туралы.

 

      Жиналыс төрағасы, Жартытөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д.Жусіпов:

    Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктерінеатау беру, оларды қайта атау, сондай ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округіндегі атау жоқ №4 көшеге «Өркениет» атауын беру мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге «Өркениет» атауын беру бойынша тұрғындардан ұсыныс түсіп отыр. Осыған орай өздеріңіздің ой пікірлеріңізді айтсаңыздар.

Өзара пікір алмасу мазмұны

Өркениет» ұғымы латынның цивилис (азаматтық, мемлекет) сөзінен шыққан. Оның бірнеше мағынасы бар: жалпы философиялық, тарихи-философиялық және әлеуметтік. Ғылыми ортада «мәдениет» және «өркениет» сөздері нені білдіретіні туралы келіспеушіліктер әлі де бар. Кейбір ғалымдар өркениет мәдениеттің синонимі деп тұжырымдайды, ал басқалары бұл термин қоғам дамуының жиынтық өнімін, тарихи процестің белгілі бір кезеңін жасырады деп ойлауға бейім.Мәдениет пен өркениет - бұл өте жақын ұғымдар. Кейде бұл терминдер синоним ретінде қолданылады. Бұл арада бұл ұғымдардың мәні әртүрлі, өркениет пен мәдениеттің арақатынасы проблемасы әртүрлі философиялық жүйелерде маңызды орын алады. Бұл  мәдениеттің  қоғамдағы  негізгі  қызметтерінің бірі.Адамдардың  қарым-қатынасы, мәдениеттер  сұхбаттасуы-әлеуметтік  шындықтың басым  көрінісі.Адамерекше  бір  өрісте – қарым-қатынас  өрісінде  болады.Мәдениет  игіліктерін  жас  нәресте  анасының  ақ  сүтін  еміп, оныңәлди  жырымен  сезім  дариясына  шомылып  қана  адамдық қасиеттерді  бойына  сіңіре  бастайды.

Көшеміз осы атаумен аталса қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық  жиналысында айтылған ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №4 көшеге «Өркениет» атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

               Қолдап дауыс бергендер -20 адам

               Қарсы болғандар – жоқ

               Қалыс қалғандар - жоқ

 

 

                                            Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Жартытөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ №4 көшеге    «Өркениет»    атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                            Д.Жусіпов

        Жиналыс хатшысы:                                            А.Сайлауова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 августа 2023