СозақауданыЖартытөбеауылдықокругі
әкімініңсайлауынтағайындаутуралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- 2023 жыл27 тамызға Жартытөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын;
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 27 тамызға тағайындалған Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округтері әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық "Sozak uni" газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Ә.Сахиұлы
Комиссия хатшысы Р. Оспанов