Қаратау ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (мамыр айы)

 

 

 

Қаратау ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

(мамыр айы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаратау ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Қаратау ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны –2 171  адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 605,1 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 30,213 гектар, егістік көлемі 335 гектар, жайлымдық көлемі 604,383 гектар.

Ауыл шаруашылығы.  Ауылдық округте ірі қара саны 2 257 бас, қой мен ешкі 15 142 бас, жылқы 1 090 бас,түйе 964 бас, кұс 2 485 бас құрайды

Кәсіпкерлік. Елді мекенде 3 ауыл шаруашылығы кооперативі, 26 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны –13.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

                      2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 

жалақының ең төмен мөлшері –70 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) –24 341 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері –53 076 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы –40 567 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  –3 450 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023-2025 жылдарға арналған Қаратау ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

        Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

 

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы

28 желтоқсандағы №159 шешіміне  өзгерістер енгізу туралы 24.05.2023 жылы

№22 шешімімен бекітілді.

 

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

70 507

67 129

66 859

Салықтық түсімдер

44 260

44 927

44 657

Салықтық емес түсiмдер

 

 

 

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

22 202

22 202

22 202

Субвенция

22 202

22 202

22 202

Ағымдағы мақсатты трансферттер

4 045

 

 

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

    

 

 

Шығындар, оның ішінде:

77 058

67 129

66 618

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

56 073

51 748

51 748

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

12 159

15 381

15 111

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

8 826

0

0

 

 

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

 

 

 

 

 

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2023 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына

–64 899,0 мың теңге жоспарланған. Ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен мекеменің мемлекеттік қызметкерлеріне қосымша айлық-жалақыға (бонус), мобильді планшеттер чехол сатып алу, мекемеге қызметтік автокөлік сатып алу, ҚР рәміздерін сатып алу және әкімшілік құқық бұзушылық істерін электронды форматта жүргізу үшін планшеттік компьютер (мобильді планшеттер) электрондық хаттамаларды басып шығаратын қорғалған арнаны пайдалана отырып ұялы байланысқа термопринтер сатып алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

 

 

    Бұл сала бойынша 2023 жылға –12 159,0 мың теңге қаралған.

Атап айтқанда, елді мекендегі көшелерді жарықтандыру жұмыстарына (А.Қалмырзаұлы көшесіне ұзындығы –1400 метр)  –5 164,0 мың теңге және

(Станбекұлы көшесіне ұзындығы –1000 метр)  –5 738,0 мың теңге;

елді мекендегі көшелерді жарықтандыруға (электржарығына)  –1 057,0 мың теңге; елді мекеннің санитариясын қамтамасыз ету шығындарына –200,0 мың теңге қаралған.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 июня 2023