Құмкент ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (маусым айы)

 

 

Құмкент ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

 

(маусым айы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құмкент ауылдық округінің2023-2025 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Құмкент ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2023 жылдың 1 маусымына халық саны 3644 адамды құрады.

Жер көлемі.Ауылдық округінің жалпы жер көлемі 255 109 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 27734,76 гектар, егістік көлемі 5229,98гектар, жайлымдық көлемі 20238,58 гектар.

Ауыл шаруашылығы.  Есепті мерзімде ауылдық округі бойынша 2742 бас  мүйізді ірі қара, 1105 бас жылқы, 34 бас түйе, 33 347 бас қой-ешкі, 2789 бас құс өсірілуде.

Кәсіпкерлік.Ауыл әкімшілігіндегі ауыл шаруашылығы салаларының негізін – 78 адам  жұмыс істейтін «Құмкент» өндірістік кооперативі, 27 адам жұмыс істейтін «Ырыс Ынтымақ» өндірістік кооперативі, 50- адамнан құрылған «Қызылкөл» ЖШС, 4 адамнан құрылған «Созақ агроинновациясы» ЖШС, 60 – шаруа қожалықтарыжұмыс істейді.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 

жалақының ең төмен мөлшері – 70000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  24 341 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 53 076теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3 450теңге.

 

 

 

 

 

 

2023-2025 жылдарға арналған Құмкент ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

 

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсанағы №159 шешімімен бекітіліп, Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 22 шешіміне сай өзгерістер енгізілді.

 

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

111717

84659

84829

Салықтық түсімдер

10864

8500

8670

Салықтық емес түсiмдер

 

 

 

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

100853

 

 

Субвенция

76159

76159

76159

Ағымдағы мақсатты трансферттер

24694

 

 

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

 

 

 

Шығындар, оның ішінде:

113342

84659

84829

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

72441

62 572

62997

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

9384

 

 

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

600

 

 

Елді мекендерді көркейту-көгалдандыру

22227

 

 

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

8690

22 087

21832

 

 

 

 

 

 

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

Ауылдық округі бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2023 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына72441,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

 

 

         Бұл сала бойынша 2023 жылға 32211,0мың теңге қаралған.Атап айтқанда,

елді мекендегі көшелерді жарықтандыруға  9384,0 мың теңге; елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 600,0 мың теңге, елді мекендерді көркейту көгалдандыруға 22227,0 мың теңгеқаралған.

 

 

 

Дата публикации
22 июня 2023