Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Бакировтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әріқарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне, Ішкі саясат бөліміне, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне, Жер қатынастар бөліміне, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және Экономика және қаржы бөлімдеріне ағымдағы жылдың 23 маусымынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 23 маусым – 07 тамыз аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқықбұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: 8 775 414 5008
Эл.почта: isaeva.aknur@mail.ru