Менің тіркелген және тұрғылықты мекенжайым өзгерді. Оны БЖЗҚ жүйесінде қалай өзектендіруге болады?
Заңнамада салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы 10 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндетті деп көзделген.
БЖЗҚ-ның өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістерге, егер хабарлама беру кезінде осы мекенжайлар пайдаланылса, салымшының (алушының) тұрғылықты мекенжайының, электрондық мекенжайдың (e-mail) өзгеруі жатады.
Өзгерістерді төмендегіәдістер арқылы жүзеге асыруға болады:
-БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағыЖеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық қызметке QR-қол қоюды немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып;
- БЖЗҚ кеңсесіне тікелей жеке өтініш жасаған кезде;
- "Қазпошта" АҚ бөлімшелеріне өзі келіп жүгінген кезде. "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің тізімі enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Қазпошта "АҚ-мен ынтымақтастық" бөлімінде орналастырылған.