БАЯНДАМА

Созақ аудан  әкімі М.С.Тұрысбековтың  

2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі

 

БЮДЖЕТ

        Жергілікті бюджет кірістеріне өткен жылдың 1 қарашасына  13 млрд  659 млн 864 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 102,3 пайызға немесе 302 млн 99 мың теңгеге өзіндік кірістер есебінен артығымен орындалды. Оның ішінде; трансферттер 9 млрд 652 млн 283 мың теңге, өзіндік кірістер              4 млрд 7 млн 581 мың теңгені құрайды.

        Бюджеттің шығыс бөлігі 13 млрд 822 млн 500 мың теңгені құрап            97,8 пайызға игерілді.

 

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ, ИНВЕСТИЦИЯ

        Өткен жылдың 10 айының  қорытындысымен ауданда 445 млрд        26 млн теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8 пайызға немесе 121 млрд 992 млн теңгеге артты. Есепті кезеңде аудан экономикасына 40 млрд 763 млн теңгеге инвестиция тартылды.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ

         Өткен жылдың жылдың 10 ай қорытындысымен үш жақты келісімнің орындалуы бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

         Өткен жылдың Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі                 19 млрд  577 млн 700 мың теңге болып межеленсе, 10 ай қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 16 млрд 207 млн         300 мың теңге  болып, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда                  2 млрд 44 млн 300 мың теңгеге артық орындалды. Нақты көлем индексі 100,3% құрады.

         Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 400 млн теңге инвестиция тарту жоспарланса, Өткен жылдың 10 ай қорытындысымен 172,7 млн теңге инвестиция тартылып, тапсырма 43% орындалды.

         Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 110 млн теңге инвестиция тарту тапсырмасы берілсе, Өткен жылдың 10 ай қорытындысымен                  65,4 млн теңге инвестиция тартылды.

         2022  жылы аудан бойынша 13 912 га егістік жер игеру тапсырмасы беріліп,     14 275 га егіс егіліп, тапсырма  103 % орындалды.

 

 
 

Анықтама үшін:

     Оның ішінде: 285 га бидай, 1 016 га арпа, 817 га жүгері, 1 227 га мақсары,       508 га картоп, 504 га көкөніс, 504 га бақша, 2 500 га жаңа жоңышқа, 6 914 га өткен жылдардағы жоңышқа орналастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

         Ауданға 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, тапсырма 100 % орындалды.

         Ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында  Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 га, «Жанболат» шаруа қожалығына       12 га, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 га, барлығы        62 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды.

         Өткен жылдың 10 айында  барлық  санатта  39 567 бас  мүйізді ірі қара,                310 318  бас қой-ешкі, 24 765 бас жылқы, 15 142 бас түйе, 27 230 бас құс өсірілуде.

         2021 жылмен салыстырғанда салыстырғанда мүйізді ірі қара 105,4 пайызға            (37 526 бас),  қой-ешкі 103,7 пайызға (299 196 бас), жылқы 107,2 пайызға       (23 091 бас), түйе 102,6 пайызға (14 752 бас), құстар 83,8 пайызға                  (32 493  бас) орындалды.

          «Сыбаға» бағдарламасы  аясында 7 000 бас мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспары бекітілсе, 10 айдың қорытындысымен барлығы 5 416 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды.

            Фермерлік шаруашылықтар 3 900 бас қой аналығын несиелендіру арқылы сатып алу межесі белгіленсе, 10 айдың қорытындысымен барлығы      2 234 бас қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алынған.

 

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

         Аудан көлемінде 1 207 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 468 жетті.

            Кәсіпкерлік саласында 2022 жылдың 2-ші тоқсанның қорытындысымен                                  12 млрд 629 млн теңгенің өнімі өндірілді. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоспар 111 пайызға артық орындалды.

         Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікке нақты қолдау көрсетудің бірден-бір жолы ретінде, Созақ аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпкерлерге бір терезе негізінде қызмет көрсетуде.

         Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылдың 10 айында 416 млрд 158 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 96,2 пайызды құрады.

 
 

Анықтама үшін:

1. Кен өндіруден  – 323,4 млрд.тг.

2. Өңдеу өнеркәсібі бойынша – 87,3 млрд.тг

    оның ішінде:

 Тамақ өнімдеріден – 879,4 млн.тг.

Металлургия өнеркәсібінен – 83,6 млрд.тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Өткен жылдың 10 айында 40 млрд 762 млн теңге инвестиция тартылған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,8% пайызды құрады.

Анықтама үшін:

484,4 млн.тг - Жергілікті бюджет қаражаты.

35 млрд 666 млн.тг - Кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің жеке қаражаты.

1 млрд 774 млн.тг – Қарыз қаражаттар.

 

 

 

       

 

 

 

 

     

         «Қарпайым заттар экономикасы» бағдарламасымен Сызған ауылдық округінде орналасқан "Ерасыл" бөбекжай балабақшасының ішкі жиһаздар (диван, орындықтар) алу үшін екінші деңгейлі банктен 6% бен 26 млн теңге несие берілді.

 

                                     ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ

         Ауданда жаңадан іске қосылатын шағын және орта кәсіпорындарды бір жерге шоғарландыру арқылы олардың инфрақұрылым (автожол, су, жарық) мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ауданда индустриалды аймақ құру мәселесі қолға алынып, 50 га жер  телімі аудан әкімдігінің 01.08.2012ж №245 қаулысымен резервке қойылған. Қазіргі таңда                      4 кәсіпорынға 10 га жер телімі берілген. Олар: «Uko-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-не 3 га жер телімі, «Благо ЛИзинг НПЗ» ЖШС-не  3 га жер телімі, «Дархан-Ас» ӨК-не 3 га жер телімі, «Сырлы Созақ» ЖШС-не 1 га жер телімі берілген. Қазіргі таңда индустриалды аймақта инвесторларға ұсынылатын 38,2 га жер телімі бар.

 

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ САЛАСЫ

         2021 жылдан 2022 жылға өтпелі болып іске асырылған 3 нысанның құрылысы аяқталды, олар:

         Жуантөбе ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы (75,5 млн. тенге),

         Қаратау ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы (78,5 млн. тенге),

         Шолаққорған ауылындағы Қожанов көшесі бойынан әкімшілік (военкомат) ғимаратына қосымша жай құрылысы (152,5 млн. тенге).

         Сонымен қатар, қазіргі таңда «Аққолтық елді мекенінде 75 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы» нысаны 2021 жылдан 2022 жылға өтпелі болып іске асырылуда (85,7 млн. тенге). Жалпы, нысанды аяқтау мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы деп белгіленген. Қазіргі таңда нысанның 85% жұмыстары толық көлемде аяқталды.

         Бүгінгі күнге «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы» нысаны қаржылай қолдау тауып, іске асыру басталды. Аталған нысан
2023 жылға өтпелі болып табылады. Ағымдағы жылға қарастырылған қаржының сомасы 150,0 млн. тенге. Биылғы жылға көзделген жұмыстардың 70% аяқталды.

         Алдағы уақытта «Шолаққорған ауылында 200 орындық спорт-денсаулық сауықтыру кешенін салу» жобасы әзірленіп, сараптаманың қорытындысын алу жылдың аяғына дейін жоспарлануда.

         Сонымен қатар, Тасты елді мекенінен 75 орынға арналған мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобаға қаржы қарастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

         Қазіргі таңда, Қаратау ауылынан  жабық шағын футбол алаңының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жалпы сомасы 103,0 млн теңгені құрайды. Аталған жобаны 2023 жылы іске асыру жоспарлануда.

         «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша «Шолаққорған ауылындағы 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп салу» жобасы жоспарлануда.

         Жалпы, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2021 жылмен салыстырғанда 10 айдың қорытындысымен                          106,3%  (7 919,8 млрд. тг) болып орындалды.

 

       КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

         «Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» жұмыс жобасы бойынша 2019-2021 жылдар аралығында                          1 млрд 813 млн  255 мың теңге қаржыға Жаңатас қаласы бұрылысынан Созақ ауданына дейінгі магистральды газ құбыры мен АГТС құрылысы аралығында 840 дана электр бағаналары орнатылып, электр желілері              15 шақырымына жүргізілген. Найзағайдан қорғау құрылғысы – 4 дана орнатылды. 43,8 шақырым құбырға арналған траншея дайындалып, құбырлар дәнекерленіп, 100% траншеяға көмілген және АГТС  қондырғыларының орындары дайындалған. 

       Ағымдағы жылға 600 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда өндірістік кестеге сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

       2023 жылға қалған 1 млрд 613 млн 940 мың теңге қаржы бөлінген жағдайда АГТС  қондырғылары орнатылып, құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталатын болады.

       2021-2022 жылдар аралығында  3 млрд 107 млн 95 мың теңге қаржыға -              170 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3800 абонентке газ құбыры жүргізілді.

       Қалған – 354 млн 234 мың теңге қаржы бөлінген жағдайда Шолаққорған ауылының қалған көшелеріне газ құбыры толық жүргізілетін болады.

 

Жартытөбе, Бабата, Аққолтық елді мекендерін табиғи газбен     қамту бойынша

         Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан Жартытөбе, Бабата және Аққолтық елді мекендеріне газ құбырын жүргізуге мемлекеттік жер актілерін алу үшін жерге орналастыру актілері дайындалған.

         Ағымдағы жылы мемлекеттік жер актілерін алу үшін аудандық бюджеттен  25 млн 176 мың теңге  бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік жер актілерін алу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы ЖСҚ дайындау жоспарланып отыр.

 

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Аудан көлеміндегі  35 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі (2 кент,                27 ауылдық елді мекен)  62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен            қамтылған. (98%)

 
 

Анықтама үшін:

   Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 23 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 6 елді мекенге кестемен берілуде.

 

 

 

 

 

    

 

 

 

       Аудан бойынша 6 ауылдық елді мекен (Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз, Қақпансор, Қоңыратарық) ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Оның ішінде, 4 елді мекенге су құбырларын жүргізу, 2 елді мекенге (Қақпансор, Қоңыратарық) блок-модуль кешенін (КБМ) орнату жоспарлануда.

      Сонымен қатар, Шолаққорған ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасына 2022 жылға 51,0 млн теңге қажы бөлініп,мердігер "Beldeu" ЖШС мен келісім шарт түзілген. Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Нысан 2023 жылға өтпелі.

       Жоба құны - 1 млрд 547 млн 373 мың теңге.

   

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ

 

       Жалпы аудан көлемінде 917 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның 435 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар, 79 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар, 403 шақырымы елді мекендердің ішкі жолдары.

       2021 жылы ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 44 көшеге орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

       2022 жылы ұзындығы 34,1 шақырымды құрайтын 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

       "Ауыл-Ел бесігі" Республикалық бюджеттен  ұзындығы                         30,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (жобалық құны   401 млн 960 мың теңге).

       Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (жобалық құны   65 млн 340 мың теңге).

       Осыған орай, аудан бойынша 403 шақырымды құрайтын елді мекендердің ішкі көшелерінің 219 (54%) шақырымы асфальт болса,            2022 жылдың қорытындысы бойынша 239,5 (59,4%) шақырымға жетіп отыр.

       Сонымен қатар, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан облыстық маңызы бар          «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Таукентке дейінгі 181-214 шақырым (конкурстық құны                               1 млрд 143 млн  211 мың теңге) аралығының асфальт жабындысын қайта салу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп. Қазіргі таңда 17,9 шақырымына асфальт жабындысы төселді.

       Нысан 2023 жылға өтпелі.

       Облыстық маңызы бар: «КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының Созақтан Қарағұрға дейінгі 0-30 шқ (конкурстық құны                        744 млн 517 мың теңге) аралығына, «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан - Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» автомобиль жолының           0-39 шақырымы (сметалық құны-1 млрд 775 млн  827 мың теңге) аралығына, «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Ыбырай елді мекенінен Қайнарға дейінгі 131-156 шақырым (сметалық құны               965 млн  534 мың теңге) аралығына, «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Қайнардан Таукентке дейінгі 156-181 шақырым (сметалық құны 941 млн 333 мың теңге) аралықтарының орташа жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп. Бүгінгі таңда асфалть жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

          Нысандар 2023 жылға өтпелі.  

 

 

 

 

 

КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ТУРАЛЫ

       Демеушілер есебінен ағымдағы жылдың наурыз айында Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар                     КХ-56 автомобиль жолының екі шетінен 3 га жер телімі, шарбақтармен қоршалып, 3500 түп көшет (оның ішінде: 2500 түп қара тал, 100 түп гүжім) отырғызылды. Аталған көгалдандыру аймағына политэлен құбырымен тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген.

       Аудан, қалалардың аумағын көгалдандыру мақсатында облыстық табиғи ресуртар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан бекітілген іс шара бойынша Созақ ауданына ағымдағы жылы 13500 түп көшет отырғызу жоспарланған. Үстіміздегі жылдың көктем айларында аудан аумағындағы әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтар мен жол жиектеріне 14260 түп көшет отырғызылды.

       Аудан аумағын көркейту, көгалдандыру мақсатында көшет отырғызу күз айларында жүргізіліп, көктемде жалғасын табатын болады.

    

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Әлемуеттік салаға келетін болсам, ауданымызда статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны- 26854,  жұмыссыздар саны – 1342 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі- 5,0 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында  жалдамалы қызметкерлер саны- 19390 адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар-25512 адамды құрайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2022 жылы мемлкеттік атаулы әлеуметтік көмекке  республикалық бюджеттен                 293 млн 839 мың теңге, жергілікті бюджеттен 57 млн 421 мың теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен                     84 млн 304 мың теңге, жергілікті бюджеттен 30 млн теңге қаралды.

2022 жылдың 10 айында 906 отбасының 4850 адамына                              253 млн 827 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып,                     220 млн 902 мың төлем жүргізілді.

         Оның ішінде шартты түрі бойынша  811 отбасының 4457 адамына            228 млн 131 мың теңге, шартсыз түрі бойынша  95 отбасының  393 адамына  25 млн  696 мың теңге тағайындалған. Атаулы әлеуметтік  көмек алушы 4850 адамның ішінде еңбекке жарамды 1478 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

         Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының 1-3 жас аралығындағы  665 бала болса,  3-6 жас аралығында  816  бала  кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен, сонымен қатар, 1-6 жас аралығындағы 1481 бала тұрмыстық химиялық тауарлар жиынтығымен қамтамасыз етілді.

         «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайдағы 32 отбасы яғни 224  адамға 9023,0 мың теңгенің көмегі (азық-түлік, тұрғын үй, киім, жұмыспен қамту және т.б.) көрсетілді. Сондай-ақ, көп балалы аз қамтамасыз етілген, отбасында мүмкіндігі шектеулі адамы бар Шолаққорған, Қарақұр, Созақ ауылында 3 отбасы демеушілер есебінен баспанамен қамтамасыз етілді.

        

 

«2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту»

Ұлтық жоба аясында 2022 жылы жұмыспен қамту шараларына қатысушылардың саны және қаралған қаржының жоспары

Өткен жылдың кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасы» шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

         Ұлттық жоба бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылып бірнеше жоспарлар жүзеге асырылды. Атап айтатын болсақ, былтырғы 2021 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды  және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту» Ұлтық жоба шеңберінде атқарылатын жұмыстарды салыстыратын болсақ біршама жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілді.

         Аудан бойынша 2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,2% болса, ағымдағы жылға 5,0% жұмыссыздық деңгейі төмендеді.  Жұмыссыздар саны 2021 жылға 1634 болса, ағымдағы жылға 1355 адамды құрап, 83% төмендеді.

        2022 жылдың 1-қарашаға дейін 2984 адамды әлеуметтік шаралармен қамтыған болсақ, былтырғы (2021 жылы 2784 азамат қамтылған) көрсеткішпен салыстырғанда 107% пайыз орындалып отыр. Оқу орнында жұмыссыздарды қысқа мерзімге оқытуға – 24 орын жоспарланған, қамтылғаны 24 адам, орындалуы 100,0% пайыз.

           Жұмыс орнында оқытуға – 19 орын жоспарланған, қамтылғаны 9 адам, жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес оқу орнында жұмыссыздарды оқытуға 15 адам жоспарланған. Орындалуы 100,0% пайыз.

           Еnbek.kz платформасы бойынша онлайн оқытуға – 80 орын бөлінген болса, жоспар толық орындалды.

         Әлеуметтік жұмыс орындарына – 100 орын жоспарланған, жолданғаны 83 азамат, (орындалуы 83%). (2021 жылы 1 қазанына 73 адам қамтылған) осы жылмен салыстырғанда 114% орындалып отыр.

             Жастар практикасына – 160 орын жоспарланған, қамтылғаны                253 азамат, (орындалуы 158%). (2021 жылы 166 азамат қамтылған) осы жылмен салыстырғанда 152% орындалып отыр.

             Қоғамдық жұмыстарға – 450 орын жоспарланған, қамтылғаны              1269 адам, (орындалуы 282%). (2021 жылы 992 азамат қамтылған) осы жылмен салыстырғанда 128% орындалып отыр.

         «Алғашқы жұмыс орындары» – 17 орын жоспарланған, қамтылғаны  23 адам, (орындалуы 135,2%) құрап отыр (2021 жылы 11 азамат қамтылған). Осы жылмен салыстырғанда 209% орындалып отыр.

         «Күміс жас» жобасына – 15 орын жоспарланған, жоспар                    100% орындалды. (2021 жылы болмаған.)

             Мемлекеттік грантқа – 70 орын жоспарланған. Қазіргі таңға комиссия шешімімен 80 азамат мемлекеттік грант иегері болды,                       (орындалуы 114,2%). (2021 жылы 70 азамат қамтылған) осы жылмен салыстырғанда 114,2%  орындалып отыр.

             «Бизнес бастау» жобасы аясында  – 133 адам жоспарланған, жолданғаны 511 азамат, (орындалуы 384,2%). (2021 жылы 181 азамат қамтылған). Осы жылмен салыстырғанда 282,3% орындалып отыр.

             Тұрақты жұмыс орындарына – 1200 орын жоспарланған, жолданғаны 1158 адам, орындалу пайызы 96,5% құрап отыр. (2021 жылы 1222 азамат қамтылған) осы жылмен салыстырғанда 95 пайызға орындалып отыр.

         Бос жұмыс орындарына 1641 адам және жаңа жұмыс орындарына       177 адам жолданды. Интеракциондық жеке бастама бойынша 632 жаңа жұмыс орындары ашылды. Өңірлік карта бойынша 130 жаңа жұмыс орындары ашылып, 92 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

         Жалпы жоба бойынша мүгедектігі бар 90 адамды   жұмыспен қамту жоспарланған, Ұлттық жоба бойынша 179 азаматтар жұмыспен қамтылды (2021 жылы 113 азамат қамтылған) осы жылмен салыстырғанда 158,4 пайызға орындалып отыр. Тұрақты жұмыс орындарына 39 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 2 адам, жастар практикасына 4 адам, қоғамдық жұмыстарға 74 адам, бизнес бастау жобасы бойынша 39 адам, мемлекеттік грантқа 14 адам, қысқа мерзімді оқуға 4 адам, "Алғашқы жұмыс оргы" жобасымен 1 адам, "Күміс жас" жобасымен 2 адам қамтылды.

 

 «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығы туралы

  «Аманат» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша  «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам»  орталығына арнайы ғимарат беріліп, демеушілер есебінен ғимаратқа 18 млн 855 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өз жұмысын бастады.

 

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР

Мемлекеттік мекемелер бойынша 2022 жылдың III-тоқсанының қортындысымен жалпы - 3153 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде: ХҚКО арқылы - 363 қызмет, электронды үкіметтің веб-порталы арқылы - 616 қызмет, электронды түрде ақпараттық жүйелер арқылы -       2028 қызмет, баламалы түрде көрсетуге мүмкіндігі болса да тікелей -           146 қызмет көрсетілді.

Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі
80% құрады.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ғимаратында "Халықтық кеңсе" жұмысын жалғастыруда.

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

Мәдениет

Созақ ауданында 37 мәдени мекеме аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. 2022 жылдың жылдық жоспарын бекітіп, жыл басынан бері ресми және бейресми мерекелерде тақырыптық іс-шаралар, байқаулар ұйымдастырылып өткізілуде. 2021 жылдың 10 айында 512 іс-шара өткізілсе, 2022 жылға 649 іс-шара өткізу жоспарланып, 10-айда 540 іс-шара өткізіліп, 38410 көрерменмен қамтылған.   

Кітапхана

Аудандағы  22 кітапхана мекемелерінде 2022 жылдың 10  айында   618/532 офлайн, 86-онлайн/ әдеби мәдени іс-шара өткізілсе, оқырман саны - 20120. Аудан кітапханаларынада кітап қоры-425 565. Оқырмандарға кітап берілімі 401 922 дананы құрады. Жаңадан түскен кітап саны- 1500, оның қазақ тіліндегісі -1334.  

 

Спорт

 Созақ ауданы бойынша 4 спорттық сауықтыру кешені,            2 стадион, 1 ипподром, 49 спорттық зал, 31 жасанды төсеніштегі кіші футбол алаңшалары, 18 балалар ойын алаңшасы және 9 атқыштар тирі бар.

 Аудан бойынша спортпен шұғылданушылардың үлесі аудан тұрғындарының 38,9 пайызын құраған.

 Биылғы жылдың басынан 166 спорттық іс-шаралар өтіп, онда                                9 мыңнан астам шұғылданушылар қамтылған.

 

БІЛІМ САЛАСЫ

Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің саны - 72. Оның ішінде: 35 білім беру орындары болса,          (32-жалпы орта, 1 - негізгі, 2-бастауыш), балабақшалар 37 (17-і мемлекеттік, 20-ы жекеменшік). Мектептерде 15 519 оқушы білім алуда. Жалпы, мектепке дейінгі мекемелерде 9 128 бала тәрбиеленеді немесе жалпы қамтылуы тиіс баланың нақты 100 пайызы қамтылып отыр. 2022 жылы Таукент кентінен С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектебңне 300 орындық қосымша жайын пайдалануға берілді.

Жайлы мектеп бойынша ауданда 1 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделген.

1) Шолаққорған ауылы 900 орын - 2023 жыл.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

         Ауданда бойынша 10 ауылдық аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория,              13 медициналық және 4 фельдшерлік акушерлік бекет орналасқан. Аудандық емхана қуаттылығы тәулігіне 550 науқасқа қызмет көрсете алады. Аурухана құрамы 7 бөлімнен тұрады ( терапия, хирургия, гинекология, жансақтау, балалар, жұқпалы аурулар, перзентхана  және қабылдау бөлімі). Аудандық емханада рентген, физиотерапия, УДЗ, ЭКГ кабинеттері және мен зертхана бөлімі бар.

         Ауруханада және оған қарасты емдеу профилактикалық мекемелерінде 643 медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

         Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханамыздың зертхана бөлімі бірнеше құрал-жабдықтар мен толықтырылды. Атап айтқанда, ИФА (иммундық ферменттік анализаторы), биохимиялық және гематологиялық анализатор, автоматты коагулометр.

         Ауылдық ауруханалар шалғай жатқандықтан, тұрғындар заманауи аппаратуралардың қызметі үшін аудан орталығына келіп әуре болмас үшін.  Аудан орталығынан 70 шақырым жерде орналасқан Созақ ауылдық округінің Созақ ауылдық ауруханасынан ағымдағы жылдың шілде айында зертхана бөлімшесі ашылып, гемототолиялық, биохимиялық және зәр талдайтын аппараттар орнатылды.

         Аудандық орталық ауруханаға 450 квт дизельдік электр станциясы алынды.
         Ауыл тұрғындары үшін медицина­лық көмектің қолжетімділігін кеңейту мақсатында аудан тұрғындарына Жылжымалы медициналық кешен  қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда медициналық көмекпен  24 592 тұрғын қамтылған, оның ішінде балалар саны - 6 531.     

         Сонымен қатар ағымдағы жылы аудан орталығындағы жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.    

      

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ

         Өткен жылы жалпы саны -173 қылмыстық іс тіркелген оның                   108 тергеумен 65 анықтаушымен тіркеліп отыр. Өндірістен аяқталғаны-110 қылмыстық іс, оның ішінде 62 қылмыс, 48 теріс қылық.

         Ағымдағы жыл аудандық полиция бөлімінің құрылымдарымен қоғамдық және жол қауіпсіздігін криминогенді аумақтар күшейтіліп жұмыстар жүргізілуде. 

 

 

 

    

 

Дата публикации
28 апреля 2023