Қыземшек кентінің
2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Қыземшек кентінің2023-2025жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Қыземшек кентінің
негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны4847 адамды құрады.
Жер көлемі.Кенттің жалпы жер көлемі 23231,28 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 22682,33 гектар, оның ішінде егістік көлемі 671,46 гектар, жайлымдық көлемі 22010,87 гектар.
Ауыл шаруашылығы.Кенттіңірі қара саны 1107 бас, қой мен ешкі 2752 бас, жылқы 1175 бас,түйе 29 бас құрайды.
Кәсіпкерлік.Елді мекенде 5 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны -55.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесіорталықтандырылған.
2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 70 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге)–24 341 тенге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 53 076 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3450 теңге.
2023-2025 жылдарға арналған Қыземшек кенті
бюджетінің негізгі параметрлері
Кент бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Кент бюджетінің түсімдері және шығындары
2023-2025 жылдарға арналған кент бюджеті Қазақстан РеспубликасыныңБюджет кодексіне, «2023-2025жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Кент бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Кент бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсан №159 шешімімен бекітілді.
2023-2025 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
63 443 |
69 909 |
71 295 |
|
Салықтық түсімдер |
28 404 |
34 797 |
36 134 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
1 638 |
1 711 |
1 760 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
33 401 |
33 401 |
33 401 |
|
Субвенция |
33 401 |
33 401 |
33 401 |
|
Шығындар, оның ішінде: |
63 443 |
69 909 |
71 295 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
53 243 |
58 505 |
58 505 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
10 200 |
11 404 |
12 790 |
|
Мемлекеттік мекемменің күрделі шығыстары |
0 |
0 |
0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
0 |
0 |
0 |
2023-2025жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Кент бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2023-2025жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2023 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 53 243,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2023 жылға елді мекенді жарықтандыру шығындарына 10 200,0 мың теңге қаржы Таңбалы тас көшесін жарықтандыру үшін қаралды.