| |
Созақ аудандық мәслихат
депутаттарын сайлау бойынша
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабының 1, 4-тармақтарына, 22-бабына, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 қарашадағы №110/604 қаулысына және аумақтық сайлау комиссияларының іс-қимылдары алгоритміне байланысты Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Созақ аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №1 қосымшаға сәйкес аудан бойынша 14 - сайлау округі құрылсын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ә. Сахиұлы
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Р.Оспанов
Созақ ауданы 2022 жылғы 29 желтоқсан
№138
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №138 шешіміне
№1 қосымшасы
Созақ ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерінің орналасқан жері мен шекаралары туралы хабарлама
№1 Молдағұлова сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Ә.Молдағұлова көшесі, №59 ғимараты, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №689 Қарабұлақ, №690 Жеткеншек, №692 Молдағұлова сайлау учаскелерінің аумағы.
№2 Теріскей сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы 2 көшесі, №72 ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №691 Теріскей сайлау учаскесінің аумағы.
№3 Шолаққорған сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Абылай хан көшесі, №3 ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы:, №693 Шолаққорған, №687 Абай сайлау учаскелерінің аумағы.
№4 Мыңжылқы сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы көшесі, №5 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мыңжылқы" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Шекарасы: №694 Мыңжылқы сайлау учаскесінің аумағы.
№5 Наурыз сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, С.Тоқпанбетов көшесі, №1А ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №892 Наурыз, №723 Жыныс сайлау учаскелерінің аумағы.
№6 Жартытөбе сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Жартытөбе елді мекені, С.Сейфуллин көшесі, №72 ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №688 Балдысу, №695 Жартытөбе, №696 Аққолтық, №697 Бабата сайлау учаскелерінің аумағы.
№7 Құмкент сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округі, Құмкент елді мекені, К.Берденұлы көшесі, нөмірсіз ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Сәтпаев атындағы мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №698 Құмкент, №699 Қызылкөл, №700 Қызылқанат, №274 Жыныс -1 сайлау учаскелерінің аумағы.
№8 Сызған сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Сызған елді мекені, Мектеп көшесі, №9А ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №701 Қозмолдақ, №702 Сызған, №703 Қайнар сайлау учаскелерінің аумағы.
№9 Созақ сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, С.Матенбаев көшесі, №31А ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Созақ жалпы орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №704 Созақ, №708 Тарса, №707 Ынтымақ сайлау учаскелерінің аумағы.
№10 Науайы сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, Қ.Тоқмұхамедов көшесі, №3А ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Науайы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №705 Науайы, №706 Көктөбе сайлау учаскелерінің аумағы.
№11 Қарақұр сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылдық округі, Қарақұр елді мекені, Үсенбай көшесі, №27 ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қарақұр жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №709 Қарақұр, №710 Раң,№711 Шаға, №712 Бақырлы, №714 Саржаз сайлау учаскелерінің аумағы.
№12 Жуантөбе сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекені, Б.Достайұлы көшесі, №35 ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №715 Жуантөбе, №716 Қоңыратарық, №717 Тасты, №718 Қылти, №719 Шу сайлау учаскелерінің аумағы.
№13 Қыземшек сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек кенті, 2-шағын ауданы, №1А ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №720 Қыземшек, №721 Тайқоңыр, №713 Ақсүмбе сайлау учаскелерінің аумағы.
№14 Таукент сайлау округі
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті, 1 ықшам ауданы, №52 ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: №722 Таукент сайлау учаскесінің аумағы.
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы