Қаратау ауылдық округінің 2022 – 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (қазан айы)

Қаратау ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Қаратау ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2022 жылдың 1 маусымға халық саны –2 174  адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 605,1 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 30,213 гектар, егістік көлемі 335 гектар, жайлымдық көлемі 604,383 гектар.

Ауыл шаруашылығы.  Ауылдық округте ірі қара саны 2 257 бас, қой мен ешкі 15 142 бас, жылқы 1 090 бас,түйе 964 бас, кұс 2 485 бас құрайды

Кәсіпкерлік. Елді мекенде 3 ауыл шаруашылығы кооперативі, 28 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны –16.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

                      2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 

жалақының ең төмен мөлшері –60 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) –19 450 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері –48 032 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы –37 389 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  –3 180 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған Қаратау ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

 

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы

28 желтоқсандағы №74 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 30.09.2022 жылы

№131 шешімімен бекітілді

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

59 591

64 850

66 618

Салықтық түсімдер

36 139

42 644

44 412

Салықтық емес түсiмдер

 

 

 

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

23 452

22 206

22 206

Субвенция

21 285

22 206

22 206

Ағымдағы мақсатты трансферттер

2 167

 

 

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

 

 

 

Шығындар, оның ішінде:

60 662

64 850

66 618

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

50 250

50 202

49 202

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

10 212

14 448

17 216

Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік

200

200

200

 

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына

–50 250,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

 

 

Бұл сала бойынша 2022 жылға –10 212,0 мың теңге қаралған.

     Атап айтқанда, елді мекендегі көшелерді жарықтандыруға (Шоланбайұлы көшесі

ұзындығы –1400 метр)  –9 612,0 мың теңге; елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге –300,0 мың теңге; елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына  –300,0 мың теңге қаралған.

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

          2022 жылы  жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық

іс-шараларды өткізуге –200,0 мың теңге қаралған.

Дата публикации
25 октября 2022