БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күндеріне қатысуға шақырады
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні БЖЗҚ кезекті «Ашық есік күндері» шарасын өткізеді. Кездесу тақырыбы – «Цифрлық БЖЗҚ».
Бұрын хабарлағанымыздай, қызметтердің жалпы көлемінің 93% астамын БЖЗҚ өз сайтында, ұялы қосымшасында, автоматты форматта қашықтан көрсетеді. Зейнетақы қызметтерінің барлық дерлік циклі – зейнетақы шотын ашудан бастап төлем алуға дейін – қазіргі заманға сай электрондық технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте БЖЗҚ сервистері үнемі жетілдіріліп отырады: тұтынушылардың сұраныстары мен заманауи трендтерге сәйкес жаңа функциялар мен мүмкіндіктер пайда болуда.
«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысушылар халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алу үшін Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен сайттағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) егжей-тегжейлі таныса алады.
Қор мамандары «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме береді.
Бұдан басқа, бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушылардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтарын жауапсыз қалдырмай, қажет болған жағдайда жеке кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 20 желтоқсанда онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша өту қажет
Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ»
Уақыты: 20 желтоқсан. 2022 10:00 AM Алматы
Zoom конференциясына қосылыңыз.
https://us05web.zoom.us/j/82998716122?pwd=SndIZTNkYlprdU5uQ21iM3FnNWJyUT09
Конференция идентификаторы: 829 9871 6122
Қосу коды: 1234
Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ»
Уақыты: 20 желтоқсан. 2022 12:00 PM Алматы
Zoom конференциясына қосылыңыз.
https://us05web.zoom.us/j/82759613503?pwd=YTNFS2hGUXJqMjQ3VW9vNTFpa040Zz09
Конференция идентификаторы: 827 5961 3503
Қосу коды: 1234
Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ»
Уақыты: 20 желтоқсан. 2022 15:00 PM Алматы
Zoom конференциясына қосылыңыз.
https://us05web.zoom.us/j/88562478608?pwd=YVpaeHlEcEZDMVdlazJxYjFMdEZGdz09
Конференция идентификаторы: 885 6247 8608
Қосу коды: 1234
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).