Жуантөбе ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Жуантөбе ауылдық округінің
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны 2 114 адамды құрады.
Жер көлемі. Кенттің жалпы жер көлемі 444 638 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 356 804 гектар, оның ішінде егістік көлемі 332 гектар, жайлымдық көлемі 356 472 гектар.
Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округ бюджеті ірі қара саны 3 743 бас, қой мен ешкі 17 727 бас, жылқы 1 984 бас, түйе 2 468 бас құрайды.
Кәсіпкерлік. Елді мекенде 2 жаувпкершілігі шектеулі серіктестігі, 25 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны -21.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 19 450 тенге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3 063 теңге.
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округінің
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округінің бюджетінің түсімдері және шығындары
2022-2024 жылдарға арналған кент бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округі бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округі бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсан №74 шешімімен бекітілді.
2022-2024 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
49 995 |
60 612 |
60 872 |
|
Салықтық түсімдер |
3 175 |
5 933 |
6 193 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
0 |
0 |
0 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
46 820 |
54 679 |
54 679 |
|
Ағымдағы мақсатты трансферттер |
2 141 |
|
|
|
Субвенция |
44 679 |
54 679 |
54 679 |
|
Шығындар, оның ішінде: |
49 995 |
60 612 |
60 872 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
44 274 |
44 463 |
45 272 |
|
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде: |
5 721 |
15 729 |
15 160 |
|
Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру |
4921 |
8000 |
9 000 |
|
Елдімекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
300 |
2 000 |
1 160 |
|
Елдімекендерді көркейту көгалдандыру |
300 |
5 729 |
5 000 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
200 |
420 |
440 |
2022-2024 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округі бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.
Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2022 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 44 274,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2022 жылға, елдімекендердегі көшелерді жарықтандыруға – 4 921,0 мың теңге, елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша -300,0 мың теңге, елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 300,0 мың теңге қаржы қаралған.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
2022 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге 200,0 мың теңге қаралған.