Қыземшек кентінің 2022-2024 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Қыземшек кентінің
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны 4847 адамды құрады.
Жер көлемі. Кенттің жалпы жер көлемі 23231,28 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 22682,33 гектар, оның ішінде егістік көлемі 671,46 гектар, жайлымдық көлемі 22010,87 гектар.
Ауыл шаруашылығы. Кенттің ірі қара саны 1107 бас, қой мен ешкі 2752 бас, жылқы 1175 бас, түйе 29 бас құрайды.
Кәсіпкерлік. Елді мекенде 5 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны -55.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 19 450 тенге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3063 теңге.
2022-2024 жылдарға арналған Қыземшек кенті
бюджетінің негізгі параметрлері
Кент бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Кент бюджетінің түсімдері және шығындары
2022-2024 жылдарға арналған кент бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Кент бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Кент бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсан №74 шешіміне 02.06.2022 жылы №107 шешімімен өзгеріс еңгізілді.
2022-2024 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
82 330 |
58 126 |
58 126 |
|
Салықтық түсімдер |
21 530 |
24 927 |
26 104 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
1 618 |
1 638 |
1 710 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
57 424 |
31 561 |
30 312 |
|
Субвенция |
57 424 |
31 561 |
30 312 |
|
Бос қалдық |
1758 |
0 |
0 |
|
Шығындар, оның ішінде: |
82 330 |
58 126 |
58 126 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
51 045 |
33 876 |
33 876 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
24 264 |
24000 |
24000 |
|
Мемлекеттік мекемменің күрделі шығыстары |
6821 |
0 |
0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
200 |
250 |
250 |
2022-2024 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Кент бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2022 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 51045,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2022 жылға елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 24 264,0 мың теңге қаржы қаралып отыр, олар 5000,0 мың теңге көркейту көгалдандыру жұмыстарына, 16 000,0 мың теңге кент түрғын үйлер алдына балалар ойын алаңшаларын салу, 3 264,0 мың теңге кенттің ішіндегі аялдамаларды жөндеу және қалпына келтіру үшін қаралды.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
2022 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге 200,0 мың теңге қаралды.