Жартытөбе ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Жартытөбе ауылдық округінің
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны 3889 адамды құрады.
Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 185927 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 45610 гектар, егістік көлемі 4962 гектар, жайлымдық көлемі 40648 гектар.
Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округте ірі қара саны 3101 бас, қой мен ешкі 27264 бас, жылқы 1514 бас, түйе 115 бас, кұс 4837 бас құрайды.
Кәсіпкерлік. Елді мекенде ауыл шаруашылығы кооперативі-3, шаруа қожалығы- 97 жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны -10.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2021 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 19 450 тенге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3063 теңге.
2022-2024 жылдарға арналған Жартытөбе ауылдық округі
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтер және кенттер бюджеті туралы» №74 шешіміне сәйкес бекітілді.
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
85 366 |
35 263 |
35 591 |
|
Салықтық түсімдер |
4 810 |
4 217 |
4 500 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
1 476 |
1 515 |
1560 |
|
Субвенция |
68 928 |
29 531 |
29 531 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
10 152 |
3295 |
3295 |
|
Шығындар, оның ішінде: |
86 563 |
35 263 |
35 591 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
63 252 |
34 128 |
34 128 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
21 614 |
900 |
1 200 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
200 |
235 |
263 |
|
Мемлекеттік органның күрдеі шығыстары |
1 497 |
0 |
0 |
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округ бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 68 928,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2022 жылға 21614,0 мың теңге қаралған. Атап айтқанда, елді мекендерде көше жарықтарын қамтамасыз етуге 15657,0 мың теңге, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 300,0 мың теңге, елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 5 657,0 мың теңге қаралды.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
2022 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге 200,0 мың теңге қаралды.