Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне газ құбырын жүргізу және пайдалану үшін Шолаққорған ауылының атауы жоқ №40 көшесінен-3020 шаршы метр, атауы жоқ №41 көшесінен-1970 шаршы метр, атауы жоқ №42 көшесінен-1850 шаршы метр, атауы жоқ №43 көшесінен-1820 шаршы метр, атауы жоқ №44 көшесінен-1760 шаршы метр, атауы жоқ №45 көшесінен-940 шаршы метр, атауы жоқ №46 көшесінен-1880 шаршы метр, атауы жоқ №47 көшесінен-1811 шаршы метр, барлығы -15051 шаршы метр жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық
округінің әкімі А.Елибаев