Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне газ құбырын жүргізу және пайдалану үшін Шолаққорған ауылының Жібек жолы көшесінен -894,2 шаршы метр, Абылайхан көшесінен-1113,8 шаршы метр, Қ.Сәтбаев көшесінен-1788,6 шаршы метр, Төле би көшесінен -1815 шаршы метр, Қазыбек би көшесінен -2248 шаршы метр, А.Байтұрсынов көшесінен-569,4 шаршы метр, Ш.Оқшиев көшесінен-771,6 шаршы метр, Бастау көшесінен -847 шаршы метр, атауы жоқ №19 көшесінен -784,4 шаршы метр, барлығы-10832 шаршы метр жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық
округінің әкімі А.Елибаев