Ғ.М.Бостаевты жұмысқа қабылдау туралы

 

Бостаев Ғалымжан Мархабайұлы 1992 жылы Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2013 ж Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ – Түрік университетін «мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша оқып бітірген. Еңбек жолын С.Қожанов атындағы тарихи өлкетану музейінде қор жинақтаушы маманы болып бастаған.

Жанұялы.          

       

 

Ғ.М.Бостаевты жұмысқа

қабылдау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» №416-V Заңының 19-бабының 2-тармағына, 20-бабына, 27-бабының 7-тармағына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:

  1. Ғалымжан Мархабайұлы Бостаев арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін 2022 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Созақ ауданы әкімінің кеңесшісі болып уақытша жұмысқа қабылдансын.
  2. Ғ.М.Бостаевқа 2022 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейінгі аралықта сынақ мерзімі бекітілсін.
  3. Созақ ауданы әкімінің кеңесшісі болып 2022 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейін мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған Ғалымжан Мархабайұлы Бостаевқа тәлімгер болып аудан әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Омирбек Орынбасарович Даулетбаев бекітілсін.

 

Негіздеме: Ғ.М.Бостаевтың 2022 жылғы30 қыркүйектегі өтініші, 2022 жылғы 30 қыркүйектегі еңбек шарты.

 

             

               Аудан әкімінің

               міндетін атқарушы                                               А.Сатыбалды

 

 

Дата публикации
03 октября 2022