Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ № 1

Шолаққорған ауылдық округі,  Абай елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№ 1

 

Абай  елді мекені                                                                    19.09.2022 жыл

 

Сағат 15:00

 

Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов  - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Абай  елді мекенінің атауы жоқ №1 көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:  39  адам.

 

Күн тәртібінде

Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге Қасым Қайсенов атауын беру туралы

 

Тыңдалды

Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:

 Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге  Қасым Қайсенов атауын беру  мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін  тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Қасым Қайсенов атауын беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

 

          Күн тәртібіндегі мәселе бойынша көшедегі жергілікті қоғамдастық мүшелері өз пікірлерін айтты:

          -Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі №1 көшенің осы уақытқа дейін атауының болмауы көше тұрғындарына қолайсыздық туғызып отыр;

          -Көше тұрғындары  ұсынылған тарихи тұлғалар мен дәстүрлі атаулар тізімінің ішінен көшемізге  екінші Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, атақты партизан, жазушы, «Халық қаһарманы» Қасым Қайсеновтың есімін беруді ұсынып отыр. Қасым Қайсеновтың Ұлы Отан соғысы кезінде партизандардың жау тылында көрсеткен ерлік қимылдары Отан соғысы тарихында алтын әріппен жазылған. Көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтың есімімен көшемізді атау өте дұрыс ұсыныс деп есептейміз;

 

-Қасым Қайсенов – қазақ елінің тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі. Сұрапыл соғыс жылдары от кешіп, ерлік көрсеткен қазақтың аяулы ұлдарының бірі .  Болмыс-бітімі батырлық пен өрлікке толы атамыз бейбіт кезеңде де тегеурінділік танытып, ұлт рухын асқақтатып, басы ноқтаға сыймай өтті. Асаулығы мен өр мінезінен айнымаған батыр тұлғамыздың есімімен көшемізді атауды көше тұрғындары бірауыздан қолдаймыз.

 

Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып,  Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге Қасым Қайсеновтың есімін беру мәселесін дауысқа салу  сұралды.

 

Қолдап дауыс бергендер – 39 адам.

Қарсы болғандар – жоқ.

Қалыс қалғандар  - жоқ.

 

Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері  өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге Қасым Қайсенов  атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

 Жиналыс төрағасы:                                                     Т.Шайдазимов

 

 

Жиналыс хатшысы:                                                      У.Шекеева

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№ 2

 

Абай  елді мекені                                                                    19.09.2022 жыл

 

Сағат 15:30

 

Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов  - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Абай  елді мекенінің атауы жоқ №2  көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:  77  адам.

 

Күн тәртібінде

Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Есет батыр атауын беру туралы

 

Тыңдалды

Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:

Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге  Есет батыр атауын беру  мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін  тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Есет батырдың есімін беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

 

          Күн тәртібіндегі мәселе бойынша көшедегі жергілікті қоғамдастық мүшелері өз пікірлерін айтты:

          -Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшенің осы уақытқа дейін атауының болмауы көше тұрғындарына қолайсыздық туғызып отыр;

 

-Көше тұрғындары тарихи тұлғалар мен дәстүрлі атаулар тізімінің ішінен көшемізге Есет батырдың есімін беруді ұсынып отырмыз.  Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресінде есімі елге  танылған әйгілі батырларының бірі. Тұрғындардың барлығы бірауыздан қолдайды деген ойдамын.

-Есет батыр заманында ханнан кейін сөйлеген үлкен беделдің иесі болған.  Шақшақ Жәнібектен кейінгі екінші тархан атағын иеленді. Көшеміз Есет батыр сияқты ұлы батырдың есімімен аталуын көше тұрғындары бірауыздан қолдаймыз.

Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып,  Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Есет батыр атауын беру мәселесін дауысқа салуды сұрады.

 

Қолдап дауыс бергендер – 77 адам.

Қарсы болғандар – жоқ.

Қалыс қалғандар  - жоқ.

 

Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері  өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №2  көшеге Есет батыр атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

 Жиналыс төрағасы:                                                     Т.Шайдазимов

 

 

Жиналыс хатшысы:                                                      У.Шекеева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№ 3

 

Абай  елді мекені                                                                    19.09.2022 жыл

 

Сағат 16:00

 

Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов  - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Абай  елді мекенінің атауы жоқ №3  көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:  69  адам.

 

Күн тәртібінде

Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге Шәкірім  атауын беру туралы

 

Тыңдалды

Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:

Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге  Шәкәрім атауын беру  мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін  тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Шәкәрімнің есімін беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

 

          Күн тәртібіндегі мәселе бойынша көшедегі жергілікті қоғамдастық мүшелері өз пікірлерін айтты:

-Көше тұрғындары тарихи тұлғалар мен дәстүрлі атаулар тізімінің ішінен көшеміздің атауына Шәкәрім есімін беруді ұсынып отыр. Шәкәрім Құдайбердіұлы - Ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер, философ. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады.Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Көшемізге Шәкәрімнің есімін беру ұсынысын көше тұрғындары  бірауыздан қолдайды деген үміттеміз.

-Көшемізге Шәкәрімнің есімін беру туралы ұсынысты қолдаймыз. Өскелең ұрпақ Шәкірімдей ұлы тұлға есімімен аталатын көшеде тұратындығына мақтанатындығына сенеміз.

 

Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып,  Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге Шәкәрім есімін беру мәселесін дауысқа салуды сұрады.

 

Қолдап дауыс бергендер – 69 адам.

Қарсы болғандар – жоқ.

Қалыс қалғандар  - жоқ.

 

Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері  өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге Шәкәрім   есімін беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

 Жиналыс төрағасы:                                                     Т.Шайдазимов

 

 

Жиналыс хатшысы:                                                      У.Шекеева

 

 

 

 

Дата публикации
29 сентября 2022