Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№ 1
Жеткіншек елді мекені 19.09.2022 жыл
Сағат 09:00
Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Жеткіншек елді мекенінің атауы жоқ №1 көше тұрғындары.
Қатысқандардың жалпы саны: 50 адам.
Күн тәртібінде
Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге Махамбет Өтемісұлы атауын беру туралы
Тыңдалды
Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:
Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге Махамбет Өтемісұлы атауын беру мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Махамбет Өтемісұлы атауын беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.
Өзара пікір алмасу мазмұны
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша көшедегі жергілікті қоғамдастық мүшелері өз пікірлерін айтты:
-Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге Махамбет Өтемісұлының атауын беру мәселесін қолдаймыз. Махамбет Өтемісұлы - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны болған.
-Махамбет Өтемісұлы – қазақ елінің тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі. Бостандық пен еркіндікті сүйген ақын, өз халқы үшін жанын пида етті. Махамбет батырдың есімін көшемізге беру ұсынылған екен, қарсылық танытпаймыз. Басқа тұрғындар да пікірімізді қолдайды деп ойлаймыз.
Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге Махамбет Өтемісұлы атауын беру мәселесін дауысқа салу сұралды.
Қолдап дауыс бергендер – 50 адам.
Қарсы болғандар – жоқ.
Қалыс қалғандар - жоқ.
Қабылданған шешім
Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекенінің атауы жоқ №1 көшесіне Махамбет Өтемісұлы атауын беруді бірауыздан мақұлдадуды шешті.
Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов
Жиналыс хатшысы: У.Шекеева
Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№ 2
Жеткіншек елді мекені 19.09.2022 жыл
Сағат 09:30
Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Жеткіншек елді мекенінің атауы жоқ №2 көше тұрғындары.
Қатысқандардың жалпы саны: 40 адам.
Күн тәртібінде
Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Шәкен Айманов атауын беру туралы
Тыңдалды
Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:
Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Шәкен Айманов атауын беру мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Шәкен Аймановтың атауын беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.
Өзара пікір алмасу мазмұны
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша көшедегі жергілікті қоғамдастық мүшелері өз пікірлерін айтты:
-Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Шәкен Аймановтың есімін беру мәселесін қолдаймыз. Шәкен Айманов қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актері әрі режиссері. Ол ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуы мен дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнады. Қазақ халқы осынау ардақты ұлымен мәңгі мақтана береді. Қазақ киносындағы ұлттық режиссураның дамуына өлшеусіз үлес қосқан. Шәкен Айманов қазақ киносы тарихында тұңғыш рет ұлттық киноны түсірген және оны барынша биікке көтерген талант иесі.
-Шәкен Аймановтың «Алдаркөсе», «Атамекен», «Тақиялы періште, «Атаманның ақыры» және т.б. фильмдері қайталанбас туынды болып қалды. Шыққанына қырық алты жылға жуықтаған «Тақиялы періште» фильмі әлі күнге көрерменін еш жалықтырған емес. Қырық жылдан астам уақытта бірталай ұрпақ ауысты. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін «Тақиялы періштенің» әрбір эпизодын жатқа біледі. Шәкендей ұлы тұлғаның атауы көшемізге берілгенін қолдаймыз. Басқа тұрғындарда қарсылық білдірмейді деген ойдамыз.
Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Шәкен Айманов атауын беру мәселесін дауысқа салу сұралды.
Қолдап дауыс бергендер – 48 адам.
Қарсы болғандар – жоқ.
Қалыс қалғандар - жоқ.
Қабылданған шешім
Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Шәкен Айманов атауын беруді бірауыздан мақұлдауды шешті.
Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов
Жиналыс хатшысы: У.Шекеева
Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№ 3
Жеткіншек елді мекені 19.09.2022 жыл
Сағат 10:00
Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Жеткіншек елді мекенінің атауы жоқ №3 көше тұрғындары.
Қатысқандардың жалпы саны: 46 адам.
Күн тәртібінде
Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге Кенесары хан атауын беру туралы
Тыңдалды
Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:
Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге Кенесары хан атауын беру мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Кенесары хан атауын беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.
Өзара пікір алмасу мазмұны
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша көшедегі жергілікті қоғамдастық мүшелері өз пікірлерін айтты:
-Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге Кеңесары ханның атауын беру мәселесін қолдаймыз. Кенесары Қасымұлы - мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. Атақты Шыңғыс ханның ұрпағы, Абылай ханның немересі. Кенесары отаршыл Ресейге қарсы ұзақ та, ауыр шайқасқа түседі. Одан кейін Орта Азия билеушілерімен де соғысып, Казақ мемлекетінің тәуелсіздігін қайтаруға ат салысады. Кенесары хан атауын көшемізге беру өте орынды ұсыныс деп есептейміз.
-Кенесары Қасымұлы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ержүрек батыр. Кенесарының есімімен көшеміздің аталуын көше тұрғындары бірауыздан қолдаймыз.
Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге Кенесары хан атауын беру мәселесін дауысқа салу сұралды.
Қолдап дауыс бергендер – 46 адам.
Қарсы болғандар – жоқ.
Қалыс қалғандар - жоқ.
Қабылданған шешім
Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге Кенесары хан атауын беру мәселесі бірауыздан мақұлдадуды шешті.
Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов
Жиналыс хатшысы: У.Шекеева
Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№4
Жеткіншек елді мекені 19.09.2022 жыл
Сағат 10:30
Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Жеткіншек елді мекенінің атауы жоқ №4 көше тұрғындары.
Қатысқандардың жалпы саны: 54 адам.
Күн тәртібінде
Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №4 көшеге Әл-Фараби атауын беру туралы
Тыңдалды
Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:
Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №4 көшеге Әл-Фараби атауын беру мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Әл-Фараби атауын беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.
Өзара пікір алмасу мазмұны
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша көшедегі жергілікті қоғамдастық мүшелері өз пікірлерін айтты:
-Аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, данышпан, энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған ұлы ғұлама. 70-ке жуық тіл білген. Көшемізге осындай ғұлама ғалымның есімі берілсе, біздер көше тұрғындары оны тек қолдаймыз.
-Көшеміздің атауына Әл-Фарабидей ұлы ғұламаның есімі ұсынылғанына қарсылық танытпаймыз, оған тек қуанамыз. Көше тұрғындары бұл ұсынысты бір ауыздан қолдаймыз.
Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №4 көшеге Әл-Фараби атауын беру мәселесін дауысқа салу сұралды.
Қолдап дауыс бергендер – 54 адам.
Қарсы болғандар – жоқ.
Қалыс қалғандар - жоқ.
Қабылданған шешім
Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекеніндегі атауы жоқ №4 көшеге Әл-Фараби атауын беруді бір ауыздан мақұлдауды шешті.
Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов
Жиналыс хатшысы: У.Шекеева