Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ № 1

Балдысу  елді мекені                                                              20 .09.2022 жыл

 

Сағат 11:00

 

Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов  - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Қарабұлақ елді мекенінің атауы жоқ №1 көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:  38 адам.

 

Күн тәртібінде

Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ  елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге Мұстафа Өзтүрік атауын беру туралы

 

Тыңдалды

Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:

Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге  Мұстафа Өзтүріктің есімін беру  мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін  тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Мұстафа Өзтүріктің атауын беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

 

-Мұстафа Қазақстанға келгеннен кейін таэквондо спортынан Республикалық федерация құрып, соның президенті болды. Ел тарихында алғаш рет таэквондошыларды халықаралық жарыстарға Түркияға және Америкаға апарып, ірі жеңіспен оралып жүрді. Бір кездері: "Мен әлемді көрдім. Енді өз елімді көрдім. Несін айтасыз, үлкен айырмашылық. Сондықтан еліме өз біліміммен, күшіммен көмектесу үшін елде қалуға бел шештім", — деген қазақ елінің нағыз жанашыры болды.

-  Ол "чемпион болу — оңай, адам болу — қиын" деген еді. Ол осы екі атаққа лайықты азаматтың есімін  көшеміздің атауы ретінде ұсынылса, біздер көше тұрғындары бірауыздан қолдаймыз.

 Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып, Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ  елді мекенінің атауы жоқ №1 көшесіне Мұстафа Өзтүрік атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

Қолдап дауыс бергендер – 38 адам.

Қарсы болғандар – жоқ.

Қалыс қалғандар  - жоқ.

 

Қабылданған шешім

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері  өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге Мұстафа Өзтүрік  атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

Жиналыс төрағасы:                                                      Т.Шайдазимов

 

 

          Жиналыс хатшысы:                                                      У.Шекеева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолаққорған ауылдық округі,  Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

 ХАТТАМАСЫ

№ 2

 

Балдысу  елді мекені                                                              20 .09.2022 жыл

 

Сағат 11:30

 

Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов  - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Қарабұлақ елді мекенінің атауы жоқ №2  көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:  42  адам.

 

Күн тәртібінде

Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ  елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Алпамыс батыр атауын беру туралы

 

Тыңдалды

Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:

 Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге  Алпамыс батыр атауын беру  мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін  тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Алпамыс батыр атауын беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

 

- «Алпамыс батыр» – қазақ эпостарының ішіндегі ең көне жырлардың бірі. «Алпамыс батыр» жырында халқымыздың ежелдегі тіршілігі, жұртымыздың басынан кешкен ерлік оқиғалары жырланғанын жақсы білеміз.

- Батырлардың туып-өскен, өмір кешкен мекені — Жиде байсын, тайпасының аты — қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік береді.

-Батырлар жырындағы халқының қамын ойлаған Алпамыс батырдың есімін көше атауына беруді баршамыз қолдаймыз. 

-Осы уақытқа дейін елді мекендегі көшелерге атау беру мәселесі кейінге қалдырылып келіп еді, көшелерге атау берілетіндігіне қуанамыз.

Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып, Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ  елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Алпамыс батыр атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

Қолдап дауыс бергендер – 42 адам.

Қарсы болғандар – жоқ.

Қалыс қалғандар  - жоқ.

 

Қабылданған шешім

 

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері  өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Алпамыс батыр  атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

Жиналыс төрағасы:                                                      Т.Шайдазимов

 

 

          Жиналыс хатшысы:                                                      У.Шекеева

Дата публикации
22 сентября 2022