Шолаққорған ауылдық округінің Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ № 1

Балдысу  елді мекені                                                              20 .09.2022 жыл

 

Сағат 09:00

 

Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов  - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Балдысу елді мекенінің атауы жоқ №1 көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:  33 адам.

 

Күн тәртібінде

Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндеі атауы жоқ №1 көшеге Тұрар Рысқұлов атауын беру туралы

 

Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:

          Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге  Тұрар Рысқұлов атауын беру  мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін  тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Тұрар Рысқұлов есімін беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

- Тұрар Рысқұлов ұлт қайраткері, қазақ халқын ашаршылықтан құтқарып қалған бірден бір саяси тұлға. Азық-түлік жеткізу туралы Сталинге жазған хаты, Қазақстан-Сібір жолдарын салудағы белсенділігі оның қайраткерлігін айқындай түседі. Ол Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде еңбегі еленген тұлға. Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады. Көшемізге Тұрар Рысқұловтай ел жанашырының, ұлт қайраткерінің есімі берілсе, көше тұрғындары бірауыздан қолдаймыз.

-Тұрар Рысқұлов – қазақ елінің тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі.  Көшемізге осы кісінің есімін берілсе, қарсы болмаймыз. Көшеміздің басқа да тұрғындары бірауыздан қолдайды деген ойдамыз.

Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекенінің атауы жоқ №1 көшеге Тұрар Рысқұлов атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

Қолдап дауыс бергендер – 33 адам.

Қарсы болғандар – жоқ.

Қалыс қалғандар  - жоқ.

 

Қабылданған шешім

          Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері  өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №1 көшеге Тұрар Рысқұлов  атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

Жиналыс төрағасы:                                                      Т.Шайдазимов

 

 

        Жиналыс хатшысы:                                                        У.Шекеева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолаққорған ауылдық округінің  Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№ 2

Балдысу  елді мекені                                                              20 .09.2022 жыл

 

Сағат 09:30

 

Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов  - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Балдысу елді мекенінің атауы жоқ №2 көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:  28 адам.

 

Күн тәртібінде

Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Сәкен Сейфуллин атауын беру туралы

 

Тыңдалды

Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:

          Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшесіне  Сәкен Сейфуллин атауын беру  мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін  тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Сәкен Сейфуллин атауын беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

- Сәкен Сейфуллин— қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.Қазақтың біртуар ұлының қолынан  «Өткен күндер», «Бақыт жолында», «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс», ««Біздің жақта», «Қырда», «Тергеген болсаң айтайын», «Орман» атты үздік туындылар туды.

- КСРО Жоғарғы атқару комитеттінің жарлығы бойынша Сәкен Сейфуллин қазақ жазушыларының ішіндегі тұңғышы болып, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталады. Көзі тірі кезінде-ақ, қазақ әдебиетінің классигі атанып, көшелер мен ауылдарға есімі берілген. Біздің де ауылдан Сәкендей біртуар азаматымыздың есімі берілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Сәкен Сейфуллин атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

Қолдап дауыс бергендер – 28 адам.

Қарсы болғандар – жоқ.

Қалыс қалғандар  - жоқ.

 

Қабылданған шешім

          Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері  өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №2 көшеге Сәкен Сейфуллин  атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 Жиналыс төрағасы:                                                     Т.Шайдазимов

 

 

Жиналыс хатшысы:                                                    У.Шекеева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолаққорған ауылдық округінің  Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№ 3

Балдысу  елді мекені                                                              20 .09.2022 жыл

 

Сағат 10:00

 

Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов  - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Балдысу елді мекенінің атауы жоқ №3 көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:  19 адам.

 

Күн тәртібінде

Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге Бейімбет Майлин  атауын беру туралы

 

Тыңдалды

Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:

Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге  Бейімбет Майлин атауын беру  мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін  тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Бейімбет Майлин  атауын беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

- Бейімбет Майлин қазақтың үш бәйтерегінің бірі, қазақ жазушыларының арасындағы алғашқы журналист, әдебиеттің осы бір айырықша жауапты және қызулы жанрына бірінші болып жол салған кісі.

-Бейімбет Майлин - поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсеткен тұлға. Осындай дарынды азаматтың атына көше атауын беруді дұрыс деп есептейміз.

-Елді мекендегі көшелерге атау берілгендігін қолдаймыз.

 Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекенінің атауы жоқ №3 көшесіне Бейімбет Майлин атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

Қолдап дауыс бергендер – 19 адам.

Қарсы болғандар – жоқ.

Қалыс қалғандар  - жоқ.

 

Қабылданған шешім

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері  өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №3 көшеге Бейімбет Маилин  атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

 Жиналыс төрағасы:                                                     Т.Шайдазимов

 

 

Жиналыс хатшысы:                                                      У.Шекеева                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолаққорған ауылдық округінің  Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№ 4

Балдысу  елді мекені                                                              20 .09.2022 жыл

 

Сағат 10:30

 

Жиналыс төрағасы: Т.Шайдазимов  - Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Жиналыс хатшысы: У.Шекеева – Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, Балдысу елді мекенінің атауы жоқ №3 көше тұрғындары.

Қатысқандардың жалпы саны:  40 адам.

 

Күн тәртібінде

Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №4 көшеге Шерхан Мұртаза атауын беру туралы

 

Тыңдалды

Жиналыс төрағасы, Шолаққорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Шайдазимов:

Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бектіліген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №4 көшеге  Шерхан Мұртаза атауын беру  мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Көшелерге берілетін  тарихи тұлғалардың және дәстүрлі атаулар өз қолдарыңызға берілген. Аталған көшеге Шерхан Мұртазаның  атауын беру ұсынысы тұрғындардан түсіп отыр. Осыған орай, өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтсаңыздар.

 

Сөз ұсыныс, пікірін білдірушілерге беріледі.

 

Өзара пікір алмасу мазмұны

- Шерхан Мұртаза - белгілі кеңес және қазақ жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-аудармашы . Шерхан Мұртазадай  қайраткерлік  қызметін қалдырмай жүріп, том-том романдар жазған жазушылар тым сирек. Ол-халқының басындағы аласапыран, алапат кезеңінің жауапкершілігін жіті сезініп, әділ, отты және шын сөзді жазушы, қайраткер болды. Қазақ халқының маңдайына біткен Шер ағаңдай биік тұлғаның есімін Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №4 көшесіне беру үлкен мәртебе болып табылады. 

- Осындай тұлғаның есімі ел есінде мәңгі қалу үшін Балдысу елді мекенінің атауы жоқ № 4 көшесіне  атын беру оңды ұсыныс.

 Қоғамдастық жиналысында айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріле отырып, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекенінің атауы жоқ №4 көшесіне Шерхан Мұртазаның атауын беру мәселесін дауысқа салып шешім қабылдау сұралды.

 

Қолдап дауыс бергендер – 40 адам.

Қарсы болғандар – жоқ.

Қалыс қалғандар  - жоқ.

 

Қабылданған шешім

Жиналыс қорытындысымен жергілікті қоғамдастық мүшелері  өзара ақылдасып, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекеніндегі атауы жоқ №4 көшеге Шерхан Мұртаза атауын беру мәселесін бір ауыздан мақұлдауды шешті.

 

 

 Жиналыс төрағасы:                                                     Т.Шайдазимов

 

 

Жиналыс хатшысы:                                                      У.Шекеева

Дата публикации
22 сентября 2022