Созақ ауылдық округінің 2022 – 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ( Шілде айы )

Созақ  ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Созақ  ауылдық округінің

негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны  10500  адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 521316,9 гектарды құрайды, оның ішінде,елдімекен жері 36316,9 га,орман шаруашылығы 111000,0 га,ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 374000,0 гектар. Агроқұрылымдар жері егістік көлемі 2900,0 гектар, жайлымдық көлемі 370780.0  гектар, шабындық көлемі 320,0 га.

Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны 6378 бас, қой мен ешкі 45689 бас, жылқы 4762 бас,түйе 3967 бас, кұс 5290 бас құрайды

Кәсіпкерлік.Елді мекенде 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 3 ауыл шаруашылығы кооперативі, 183 шаруа қожалығы, 4 ЖШС жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны -125.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

           2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 60000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  19450 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 46302 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36018 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3063,0 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған Созақ ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан РеспубликасыныңБюджет кодексіне, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық  округінің  бюджеті  Созақ аудандық  мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №74 шешіміне , Созақ  аудандық  мәслихатының 2022 жылғы   02 маусымдағы №107 шешімімен өзгеріс  еңгізілді.

 

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

88682

103002

104714

Салықтық түсімдер

20726

30070

31614

Салықтық емес түсiмдер

3120

3492

3660

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

64836

69440

69440

Субвенция

59440

69440

69440

Ағымдағы нысаналы трансферттер

5396

0

0

Шығындар, оның ішінде:

91019

103002

104714

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

73218

65918

65918

Бiлiм беру

0

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

17601

36884

38596

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

200

200

мың теңге

Атауы

2022 жыл

жоспар

шілде

орындалуы

1. Кірістер, оның ішінде:

88682

6455

5601

Салықтық түсімдер

20726

700

28

Салықтық емес түсiмдер

3120

285

103

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

64836

5470

5470

Субвенция

59440

5219

5219

Ағымдағы нысаналы трансферттер

5396

251

251

Шығындар, оның ішінде:

91019

6455

6455

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

73218

6455

6455

Бiлiм беру

0

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

17601

0

0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

0

0

 

 

2022-2024жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған  2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 73218 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

          Бұл сала бойынша 2022 жылға  17601,0 мың теңге қаралған. Атап айтқанда, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 500,0 мың теңге, елді мекенді абаттандыру  және  көгалдандыру шығындарына  500,0 мың теңге,  елді  мекендерді  жарықтандыруға  16601,0 мың  теңге қаралған.

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

          2022 жылы  жергілікті  деңгейде  дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық  іс-шараларды  өткізуге 200,0 мың  теңге қаралған.

Дата публикации
02 августа 2022