Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

 

 

ЖОБА

 

 

Созақ  ауданы бойынша

тұрмыстық қатты қалдықтарды

жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға

және көмуге арналған тарифтерді

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365 бабының 3тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ  аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Күші жойылды деп танылсын:

1) Созақ аудандық мәслихатының «Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» 2016 жылғы 23 желтоқсандағы        № 55шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 3953 болып тіркелген);

2) Созақ аудандық мәслихатының «Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №55 «Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 13 наурыздағы №225 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4930 болып тіркелген).

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Созақ аудандық        

          мәслихат хатшысы                                                  Б.Байғараев                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ   аудандық мәслихатының

2022 жылғы ___________

№___шешіміне қосымша

 

 

Созақ  ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

№
Р/с

Атаулары

Есептік бірлік

Баға,
теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау,  тасымалдау,  сұрыптау  және  көму тарифтері





1.1

Жайлы үйлер

1 адам

115

1.2

Жайсыз үйлер

1 адам

120

1.3

Жеке тұлғалар

1 текше метр

1000

1.3

Заңды тұлғалар

1 текшеметр

2150

2

Тұрмыстық қатықалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері





2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

320

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

1600

 

Дата публикации
20 июня 2022