Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісі 2022 жылдың 21 маусым күні сағат 11: 00 де Шолаққорған ауылы «Ардагерлер үйі» мәжіліс залында өтеді.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралады.
- Құмкент ауылдық округі әкімінің 2022 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі.
- Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 2022 жыллдың 5 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі.
- Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің 2022 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі.
- Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2022 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі.
- «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы, Созақ аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің 2022 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі.
- «Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы « Созақ ауданының жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектепе жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын өтеу туралы» № 296 қаулысының күшін жою туралы» қаулының жобасын талқылау.
- «Созақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қарашадағы «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» №411 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулының жобасын талқылау.
- Басқада мәселелер.
Қоғамдық кеңес мүшелерін тіркеу 21 маусым күні сағат 10:00 де аудандық «Ардагерлер үйінде» жүргізіледі.
Аудандық қоғамдық
Кеңестің төрағасы: М.Сапаров
Орындаған: М.Қиясбаев
Байланыс номері: +77756006400
m.kiyasbayev@mail.ru