2) Менің жұбайым шетел азаматы, алайда қазақстандық компанияда жұмыс істейді, әрі БЖЗҚ-ға үнемі зейнетақы аударымдарын жүргізіп отырады. Қазір оның шотында жинақталған сома жеткіліктіліктің жаңа шегінен асып түсетін мөлшерде, осы құқықты ол пайдалана ала ма?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 1-бабы 14) тармақшасына сәйкес, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты – шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында, сондай-ақ, заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес, инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға құқылы.

Дата публикации
19 мая 2022