2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды ауданда әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының            1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық  заңының 21-бабы 1-тармағының            1) және 2) тармақшаларына және «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы      5 мамырдағы № 888 Жарлығы мен ҚР Орталық Референдум комиссиясының        2022 жылғы 6 мамырдағы №32/482 қаулысы негізінде Созақ аудандық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды ауданда әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сенбі, жексенбі және мереке күндері (сағат 9:00 ден 18:30 ға дейінгі)  жүргізілетін кезекшілік кестесін бекітілсін
  3. Учаскелік референдум комиссиялары республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім Созақ ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылсын.

         

 

 

Созақ аудандық аумақтық референдум

комиссиясының төрағасы                                                     Ә. Сахиұлы

 

Созақ аудандық аумақтық референдум

комиссиясының хатшысы                                                     Р. Оспанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ аудандық аумақтық референдум комиссиясының

2022 жылғы  6  мамырдағы шешімімен бекітілген

 

 

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

         1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау

 

 

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды  жариялау

 

Аудан әкімі

Референдум тағайындалғаннан  кейін он күннен кешіктірмей

2022   жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

          3. Республикалық референдум алдындағы үгіт

                                 

 

референдум тағайындалғаннан кейін басталады және 2022 жылғы     4 маусымда сағат нөл сағатта аяқталады

 

           4. Акт бойынша учаскелiк референдум комиссиясына әрбiр учаске бойынша аудан әкiмі қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

           5. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған референдум учаскелері бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2022 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей

 

          6.  Жекелеген  референдум  учаскелерiнде  дауыс  берудiң  басталуы  мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi сайлаушыларға жеткiзу

 

 

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Дауыс беру күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей

2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

 

           7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру  күніне дейінгі кемінде он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

(26–б.  1–т.)

 

 

 

 

 

          8. Референдумның учаскелік комиссияларына дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін жеткізу

 

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Референдум өткізуге жеті күн қалғанда

2022 жылғы 28 мамырдан  кешіктірмей

(27-б.  5-б.)

 

           9. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Егер дауыс берудің басталуына басқа уақыт белгіленсе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де дауыс беру басталады

 

           10. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Басқа дауыс беру уақыты белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

 11. Референдум  учаскесінде  дауыстарды  санау  және  дауыс  беру

қорытындылары туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің аяқталуына басқаша уақыт белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады .  Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс

 

           12. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жұртшылықпен танысу үшiн арнайы бөлiнген жерде орналастыру

 

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           13. Референдум учаскесiнде дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы аумақтық референдум комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында референдумның қорытындыларын шығару

 

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

 

(22-б. 1-т.(7-тт.)

 

           15. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы облыстық референдум комиссиясына ұсыну

 

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде.

 

 

 

 

 

            Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер бар.

 

 

Дата публикации
06 мая 2022