Созақ ауылдық округі әкімі Батырхан Қаныбекұлы Аяповтың 2022 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы есебі.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізі туралы» № 826 Жарлығын іске асыру аясында ауылдық округтері мен кент әкімдерінің халықпен кездесулерінің кестесі әлеуметтік желілерге және бұқаралық ақпараттық құралдарына жарияланған.    

 

Бюджет туралы

 «Мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын басшылыққа алып, жергілікті тұрғындардың жер, мүлік салықтарын есептеп бюджеттке құяды делінген. Аталған Қазақстан Республикасының Заңдарын  басшылыққа  алып  жұмыс  жасап келеміз.

2022 жылдың 3 айында жергілікті бюджетке 10 млн 557 мың  теңге қаржы түсіп, жоспар 659,8  пайызға орындалды. 

 

Қ/с

 

Салық аталуы

Үш айлық жоспар

Факт

 

Айырмасы +

Орындалуы %

1

Жеке  табыссалығы

0

0

0

0

2

Жеке тұлғалардың мүлік салығы

0

80

0

0

 

Қоршаған ортаны пайдаланғаны үшін төлем

0

853

0

0

4

Заңды тұлғаның көлік салығы

0

0

0

0

5

Жеке тұлғаның көлік салығы

1050

8800

7750

838

6

Мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

550

824

274

149

7

 Жеке және заңды тұлғалардан ерікті алымдар

0

0

0

100

х

Барлығы:

1600

10557

8024

659,8

 

2022 жылғы I- тоқсанының қортындысымен  бюджеттің  шығыс  бөлігі  16 млн. 329 мың теңгені құрап, 100  пайызға  игерілді. Атап  айтқанда

 

қ/с

2022 жылы ауыл әкімшілігіне жаратылған қаржы

3 айға жоспар

Игерілгені

Пайызы

1

Жарықтандыруға

0

0

 

2

Санитарияға

0

0

 

3

Абаттандыруға

0

0

 

4

Спортқа

0

0

 

5

Әкімшілік қызметкерлерге

16329,0

16329,0

100

6

Компьютер (ноутбук, стол жиһаз)  алуға

0

 

 

БАРЛЫҒЫ:

16329,0

16329,0

100

 

Ауыл шаруашылық саласы

 

Ауылдық округі бойынша 2022 га егістік жер игеру межесі 2020 га белгіленіп, қазіргі таңда 1380 га алқап жер жыртылып егін егу жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылғы көктемгі егіс бойынша 20 га арпа,  280 га жүгері, 110 га көкөніс, 107 га бақша, 81 га картоп, 395га жоңышқа егілу жоспарлануда.  

 

2021 жылы 185 шаруақожалық, 4 ЖШС, 3 ӨК жұмыс істесе 2022 жылы 195 шаруақожалық, 4 ЖШС, 3 ӨК жұмыс істеп шаруа қожалық саны артуда.

 

Болыс ата шаруа қожалығының төрағасы Рысметов Шарипжан Биылғы 2022 жылы 15 га жерге бақша өнімін егуді жоспарлап, қазіргі таңда егін жұмыстарын атқаруда.

Ауыл округібойынша 01.01.2021жылмен 01.01.2022 жылдық есепті салыстырғанда ауыл округінде мал саны мына төмендегіше болған.

 

  Мүйізді ірі қара 6041 бастан 6378 басқа,  ұсақ мал  45252 бастан 45689 басқа, жылқы 4351 бастан 4762басқа, түйе 3746 бастан 3967 басқа артып, Созақ ауылдық округі мал басының саны жөнінен аудан көлеміндедегі 12 ауылдық округтің арасынан көш басында тұр.

Ауылшаруашылық мақсатында берілетін жеңілдетілген несие

           2021жылы ауылшаруашылық малдарын көбейту, түрлендіру, бордақылау мақсатында, «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қорынан», «Ырыс» микро кредит ұйымынан, 20 млн теңгеге дейін несие беру қарастырылуда. Қазіргі таңда Созақ ауылдық округінен жеңілдетілген несие алуға 8 азамат ниет білдіріп отыр.

 

Ветеринария саласы

2022 жылдың көктем мезгілінде аусылға және тубуркулезге, қарасанға  қарсы Ірі қара малдары мен ұсақ малдарға егу жұмыстары жүргізілуде сонымен қатар төлдерді сырғалау жұмыстары атқарылуда. Ауыл айналасындағы ауыл тұрғындары тастаған мал өлекселері жиналып арнайы орынға тасталып жойылды.

 

Білім  саласы

Ауыл округі бойынша 1 колледж, 4 жалпы орта мектеп, 1 мемлекеттік бала бақша, 5 жеке меншік бала бақша балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Мемлекеттік балабақшаларда - 280 бала, жекеменшік балабақшаларда – 597 бала тәрбиеленуде.  Балабақшаларда 198 жұмысшы қызметкерлер  қызмет атқаруда.

 

Әлеуметтік сала

                 

        Ауыл округінде 5 елді мекен болса, жалпы халық саны 10.500,                                тұрғын үй саны 1515. Оны елді мекендер бойынша бөлгенде:

Созақ елді мекені _5907__ халық

Шақырық елді мекені ___2905___ халық

Көктөбе елді мекені __866___ халық

Ыбрай елді мекені __817_ халық

Қақпансор елді мекені  5  халық тұрады.

Жалпы зейнеткерлер саны  968.

ҰОС ардагері – 1.

Ауған соғысының ардагері – 1.

Тыл ардагері – 57

Батыр ана – 40

Алтын алқалы ана – 145

Күміс алқалы ана –  211

Ана даңқы ордерінің иегері – 2

Жеке бастылар –  17

Жалпы мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны –  375

Оныңішінде  I топтағы мүгедек – 47,         II топтағы мүгедек – 135

 III топтағы мүгедек – 145,     Бала жастан мүгедек–53

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ішінде жұмыспен қамтылғандары – 56

Жеке негізде жұмыс істейтіні – 22

Округте 8 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.

Әкімшіліктің ұйымдастыруымен демеушілер тарапынан аз қамтылған отбасыларға қаржылай және заттай көмек беріліп отырды.

 

        2021 жылы Науайы атындағы жалпы орта мектебінің және Созақ жалпы орта мектеп-гимназиясының бітіруші 20 жылдық түлектер есебінен әлеуметтік жағдайы төмен 2 отбасына 10 млн 500 мың теңгеге жаңадан 2 тұрғын үй салынып берілген болатын. Биылғы жылы Созақ жалпы орта мектеп-гимназиясының бітіруші                    20 жылдық түлектері әлеуметтік жағдайы төмен 1 отбасына берілетін тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп  жатыр.  

         8 наурыз мерекесінде бюджет есебінен 410 анаға 6000 теңгеден ақшалай сыйлық берсе, демеушілер есебінен жалғыз басты 7 қартқа және 215 алтын алқалы аналарға заттай сыйлық жасалды.

       

2022 жылы берілген Атаулы әлеуметтік көмек жайлы

 

        2022 жылыдың І тоқсанында 74 отбасы Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірді. 8 отбасының табысы кедейшілік шегінен асып қалған 66 отбасыға АӘК тағайындалды. 66 отбасы шартты. 5 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

Денсаулық сақтау саласы

Ауыл округі бойынша мемлекеттік 1 аурухана 25 орындық, 1 жедел жәрдем,  2 фельдшерлік пункт, 3 жекеменшік емхана, 5 жекеменшік дәріхана, 2 жекеменшік тісдәрігері ауыл халқының денсаулығына қызмет етеді. 2022 жылдың І тоқсанында 63бала дүниеге келсе, 11 әртүрлі жастағы тұрғындар қайтыс болды. Созақ ауылдық ауруханасында 77 қызметкер жұмыс істейді.

Жедел жәрдем бөлімінде 2 жедел жәрдем көлігі, 4 фельдшер, 4 автокөлік жүргізуші, 8 адам жұмыс істейді.

 

2022 жылы жер саласы бойынша

         2022 жылдың I-тоқсанында Созақ ауылдық округі бойынша түрғын үй және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 13 адамға жер учаскесі беріліп 6  жаңадан тұрғын үй құрылысы басталды. Осы жылы конкурс нәтижесімен ауылшаруашылығы мақсатында 5000 га жайылым, жер ауданның арнайы жер қорынан пайдалануға берілді.  Сонымен қатар мақсатына сәйкес пайдаланбай жатқан ауылшаруашылық 300 га жайылымдық жер телімдері ауданның арнайы жер қорына қайтарылды.

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдаланбай отырған бірқатар шаруаларға, және тұрғын үй мақсатында жалға жер алған азаматтарға жер кодексінің 92-94 баптарына сәйкес түсіндіріліп ескертілді. 2022 жылға азаматтардың өтінішіне байланысты ауданның арнайы жер қорынан ауылшаруашылық жайылым және суармалы жерлер конкурсқа шығарылатын болады.

Құрылыс саласы

 

2022 жылы облыстық бюджет есебінен ауылшаруашылық маңызы бар  жалпы ұзындығы 22 шқ болатын Суындық каналының құрылысы қайта жаңадан салынып  толықтай аяқталды. Қазіргі таңда аталған құрылыс нысанына су жіберіп тексеруден өткізілді. Созақ ауылы Өткелбаев көшесінің бойынан Спорт денсаулық сауықтыру кешенінің құрылысына «КАТКО»  БК ЖШС демеушілігімен 17 млн теңгеге сметалық жобалық құжаттар жасалды. Созақ ауылы Өткелбаев, Науайы көшелерін жарықтандыруға смета жасалып қаржы бөлінді. Ағымдағы жылдың II- тоқсанында құрылысы басталады. 2022 жылға Ыбырай елді мекеніне 200 орындық Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің және Созақ ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің ғимараттарының сметалық жобалық құжаттары жасалып  қаржы бөлу жұмыстары қарастырылуда. Созақ ауылының Өткелбаев көшесінен үлкен футбол алаңының құрылысына сметалық құжат жасалып, облыстық бюджеттен қаржы бөлу келісілді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

 

Созақ ауылдық округі бойынша Көктөбе, Ыбырай елді мекендерінде  238 жеке тұрғын үй 100% ауыз сумен қамтылып,Созақ ауылында 16 тұрғын үй 185 адам ауыз су құбырын пайдалануда. Созақ ауылында бұрыннан пайдаланудағы жалпы ұзындығы 22 шқ ауыз су құбырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Шақырық елді мекенін таза ауыз сумен қамтамассыз ету үшін жаңадан құдық қазылып су жинау мұнарасы салынатын жер таңдалып, сметалық құжаттар жасалуда. Сонымен бірге шаруа қожалықтардың таудан келетін ағын суды тиімді пайдаланудың  тәртібі бекітіліп, сумен қамтамассыз ету жолдары үйлестірілді.

 

Автомобиль жолдарын жөндеу

 

Созақ ауылдық округі бойынша барлығы 30 көше жалпы ұзындығы 62 шқ оның ішінде: асфальт -31 шқ, қиыршақ тас – 27 шқ, топырақ жол - 4 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда Көктөбе елді мекеніне 6 көшеге, Созақ ауылы Жаңақұрылыс №4 көшесіне 880 метр асфальт төсеуге мемлекеттік сатып алу жарияланды. Демеуші есебінен Рысбек көшесінің 550 метр жол бөлігіне қиыршақ тас төселді. Сонымен қатар облыстық маңызы бар Шолаққорған-Созақ, Созақ-Қарағаұр тас жолын қайта жөндеу құрылысы басталуда.

 

 

Көгалдандыру, көркейту, тазалық туралы

 

2022 жыл басынан бері Созақ ауылына кіре беріс тас жолының бойына Созақ мектеп гимназиясының 40 жылдық бітіруші түлектері және Науайы атындағы мектебінің 20 жылдық бітіруші түлектернің демеушілігімен жалпы ұзындығы 200 метр жол бойы қоршалып шырша ағашы егілді.  Округ бойынша жеке тұрғын үйлер, шаруа қожалықтар жерлеріне тал көшеттері егіліп, ауыл маңындағы бұрыннан жинақталған 25 тн күл қоқыстар тазаланды.

Әр аптаның сенбі күндері мекеме қызметкерлерімен ауыл тұрғындарын ұйымдастырып көше бойларын тазалауға сенбіліктер өткізіліп, әктеу сырлау жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлік сала бойынша

       Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылы шыққан кәсіпкерлік дамыту және қолдау туралы жарлығы бойынша ауыл округінде бүгінгі таңда қарқынды жұмыс атқаруда.

Қазіргі  таңда  Созақ ауыл  округі  бойынша  71 – дүкен, 5 – жанар жағармай құю бекеті, 3-тойхана, 5 - қоғамдық  монша, 2- жеке меншік  емхана, 5 дәріхана, 5- жекеменшік  бала бақша  және тағы да  басқа  80- жеке кәсіпкерлер халыққа  қызмет көрсетуде. Сондай-ақ биылғы жылы ауыл шаруашылық жерін жалға алған 6 жаңа шаруақожалық ашылып өз жұмысын бастады.

 

Әскери сала бойынша

Созақ  ауылдық  округі  бойынша  әскери  міндеттілер саны 901, әскерге шақырылушылар саны 422, офицерлер 33, әскери міндетті қыз-келіншектер саны 110. Көктемгі әскерге шақыру  науқанында қазіргі таңға дейін 17 әскерге шақырылушы аудандық дәрігерлік сараптамадан өтіп, оның 10 облыстық дәргерлік сараптамадан өтіп, 7 азамат әскерге кетуге дайын.

 

Тәртіп мәселесі бойынша

 

         2022 жылдың І тоқсанында Созақ ауылдық округі бойынша  қылмыс тіркелген жоқ. 160 әкімшілік құқық бұзушылық орын алған. Ауыл округі бойынша 3 учаскелік инспектор бар. Учаскелік инспекторлар халықпен тығыз байланыста, тиісті орындарда тәртіптілік, реттілік, қылмыстың алдын алу туралы лекциялар, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Ауыл округі бойынша сардарлар мен сарбаздар жасақтары құрылған. Бұл азаматтар мереке-мейрамдарда, учаскелік инспекторларға көмек береді.

Арыз шағымдар

Жыл басынан жоғарғы органдардан келген кіріс хаттар – 243, оларға тиісті жауаптар берілген.

2022 жылдың І тоқсанында Созақ ауылдық округі әкіміне жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 2 жазбаша арыз шағым түсіп барлығы қолданыстағы заңдарға сәйкес қанағаттандырылды.

Дата публикации
08 апреля 2022