Қарақұр ауылдық округінің 2022 – 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ( Ақпан айы )

Қарақұр  ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Қарақұр  ауылдық округінің

негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны  3246 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 455147,28 гектарды құрайды, оның ішінде,елдімекен жері 275077,00 га, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 90035,17 гектар. Агроқұрылымдар жері егістік көлемі 326,9 гектар, жайлымдық көлемі 88567,0  гектар, шабындық көлемі 1141,21 га.

Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны 3521 бас, қой мен ешкі 31739 бас, жылқы 2495 бас,түйе 1976 бас, кұс 2500 бас құрайды

Кәсіпкерлік.Елді мекенде 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 2 ауыл шаруашылығы кооперативі, 19 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны -17.

.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  19 450 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3 063 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған Қарақұр ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан РеспубликасыныңБюджет кодексіне, «2022-2024жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №74 шешімімен бекітілді.

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

51769

62404

62638

Салықтық түсімдер

5953

8730

8934

Салықтық емес түсiмдер

685

690

720

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

45131

52984

52984

Субвенция

45131

52984

52984

Ағымдағы нысаналы трансферттер

 

 

 

Шығындар, оның ішінде:

51769

62404

62683

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

50969

50969

51248

Бiлiм беру

 

 

 

Әләуметтік көмек және әләуметтік қамтамасыз ету

 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

600

11235

11235

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

200

200

мың теңге

Атауы

2022 жыл

жоспар

орындалуы

1. Кірістер, оның ішінде:

51769

4248

4248

Салықтық түсімдер

5953

50

50

Салықтық емес түсiмдер

685

57

57

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

45131

4141

4141

Субвенция

45131

3962

3962

Ағымдағы нысаналы трансферттер

 

179

179

Шығындар, оның ішінде:

51769

4248

4248

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

51769

4248

4248

Бiлiм беру

 

 

 

Әләуметтік көмек және әләуметтік қамтамасыз ету

 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

600

 

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

 

 

 

 

2022-2024жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2022-2024жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына

50 969 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

          Бұл сала бойынша 2022 жылға 600 мың теңге қаралған. Атап айтқанда,елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 300 мың теңге,елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 300 мың теңге қаралған.

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

          2022 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге 200 мың теңге қаралған.

Дата публикации
25 февраля 2022