Қарақұр ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (Шілде айы )

Қарақұр  ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Қарақұр  ауылдық округінің

негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Халық саны. 2021 жылдың 1 тамызға халық саны  3238 адамды құрады.

Жер көлемі.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 455147,28 гектарды құрайды, оның ішінде,елдімекен жері 275077,00 га, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 90035,17 гектар. Агроқұрылымдар жері егістік көлемі 326,9 гектар, жайлымдық көлемі 88567,0  гектар, шабындық көлемі 1141,21 га.

Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны 2610 бас, қой мен ешкі 30952 бас, жылқы 1251 бас,түйе 1510 бас, кұс 2573 бас құрайды

Кәсіпкерлік.Елді мекенде 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 2 ауыл шаруашылығы кооперативі, 19 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны -18.

.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2021 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  16 839 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 38636 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 42500 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 2917 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021-2023 жылдарға арналған Қарақұр ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2021-2023жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №379 шешімімен бекітілді.

 

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

32390

32385

32989

Салықтық түсімдер

6363

6753

7452

Салықтық емес түсiмдер

680

685

690

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

25347

24847

24847

Субвенция

25347

24847

24847

Ағымдағы нысаналы трансферттер

     

Шығындар, оның ішінде:

35549

32385

32989

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

33352

31385

31385

Бiлiм беру

 

 

 

Әләуметтік көмек және әләуметтік қамтамасыз ету

 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1997

700

700

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

200

200

мың теңге

Атауы

2021 жыл

жоспар

орындалуы

1. Кірістер, оның ішінде:

32390

2629

2629

Салықтық түсімдер

6363

      207

      207

Салықтық емес түсiмдер

680

56

56

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

25347

2366

2366

Субвенция

25347

2366

2366

Ағымдағы нысаналы трансферттер

 

 

 

Шығындар, оның ішінде:

35549

2629

2629

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

33352

2629

2629

Бiлiм беру

 

   

Әләуметтік көмек және әләуметтік қамтамасыз ету

 

   

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1997

 

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

 

 

 

 

2021-2023жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2021-2023жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2021 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына

33 352 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру

 

Аймақтың білім беру жүйесі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында және аймақ экономикасын тұрақты өсуі үшін білімнің сапалы қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

2021 жылға елді мекендегі балабақшаның шығынына қаралмаған. Бұл шығындардың ішінде балабақша қызметкерлерінің жалақысы, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар ескерілген.

 

Әләуметтік көмек және әләуметтік қамтамасыз ету

Бұл сала бойынша 2021 жылға қаралмаған. Атап айтқанда әләуметтік көмек және әләуметтік қамтамасыз етуге қаралмаған.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

          Бұл сала бойынша 2021 жылға 1997 мың теңге қаралған. Атап айтқанда,елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 300 мың теңге,елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 1697 мың теңге қаралған.

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

          2021 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге 200 мың теңге қаралған.

Дата публикации
25 июля 2021