Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Қазақстан   Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2016 жылғы                       29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №122 бұйрығына сәйкес Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекенінен 10 орынға жаңа және қосымша орындарға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін қызмет берушіні  таңдау жөнінде

 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:

       1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға (үлгі қоса тіркеледі)  сәйкес нысан бойынша Комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

      2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке (жекеменшік немесе жалға алынған) құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі;

       4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;

      5) медициналық кабинетке лицензияның көшірмесі немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шарт;

       6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің жолдамасымен ғана мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

      7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

      Осы тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйым құрылтайшысының қолтаңбасымен мақұлданады, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді конкурс жариялаған күннен бастап           15 (он бес) жұмыс күні мерзімімен  Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық оуругі,  «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қаралады.  

Ескертпе: Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданатын күн мерекелік күн немесе демалыс болған жағдайда, келесі жұмыс күніне ауыстырылады, уақыты өзгеріссіз жағдайда болады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон нөмірлері арқылы алуға 
болады:  8(72546) 4-12-73, 4-22-21.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына
1-қосымша

 Өтініш нысаны  (мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
____________________________
(төрағаның Т.А.Ә.
(бар болғанда))

 Өтініш

       Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін

       мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне

       _________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

        қосуды өтінемін.

       Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.

       Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _________________________

       (Т.А.Ә. (бар болғанда))

       ______________ М.О.

       (қолы)

      Толтырылған күні

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына
2-қосымша

 Міндеттеме нысаны (мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
____________________________
(төрағаның Т.А.Ә.
(бар болғанда))

      Жеткізушінің міндеттемесі

       Осымен ___________________________________________________________________

       (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

       атынан

       ________________________________________________________________,

       (лауазымы Т.А.Ә (бар болғанда))

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

       тамаққа кететін ата-аналардың төлемақы мөлшері белгіленген, тек қана республикалық

       маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың)

       білім бөлімдерін жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша

       балаларды қабылдау туралы міндеттерді орындауға кепілдік береді.

       Мектепке дейінгі ұйымның басшысы

       ____________________________ ____________

       (Т.А.Ә. (бар болғанда))       (қолы)

       М.О.

      Толтырылған күні

Дата публикации
17 марта 2022