Алаңдамаңыз. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, БЖЗҚ кепілдік беретін зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қаржының қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиди және зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.
Осылайша, БЖЗҚ ЖЗШ-дан үзінді көшірмені сізге немесе нотариалды түрде куәландырған сенімхат арқылы сенім білдірілген тұлғаға ғана бере алады.