«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 – бабының 3 – тармағына, 33 – бабының 2 – 1 – тармағына сәйкес
Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1) Мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау _95 000_(_тоқсан бес мың_) теңге сомасында белгіленсін;
2) Сайлау алдындағы жария іс – шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару _40000_ (_қырық мың_) теңге сомасында белгіленсін;
3) Көлік шығыстары _30 000_ (_отыз мың_) теңге сомасында белгіленсін;
4) Осы шешімді Жуантөбе ауылдық округінің әкімдігіне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
Созақ аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Сахиұлы
Созақ аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Р.Оспанов