Шолаққорған ауылы 4 наурыз 2022 жыл
Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық
округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылдың 3 сәуіріне тағайындалсын.
- 2022 жылғы 3 сәуіріне тағайындалған Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет сайтында және аудандық «Sozaq uni» газетінде жариялансын.
Созақ аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ә.Сахиұлы
Созақ аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Р.Оспанов