ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
ҚР Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіпке сай Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар деп танылады.
Мәселен, ҚР «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болып табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) автоматты түрде өтінішсіз ашылады:
- 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу үшін;
- 2021 жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін;
– 2021 жылдың 26 қазанынан бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу үшін.
Бұл ретте жеке зейнетақы шотына МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ аудару үшін тұлғаның жеке басын куәландыру үшін төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген оның дербес деректері (т.а. ә., ЖСН, туған күні) арқылы жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелері, тұрақты тұратын жері, және өзге де
барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.