«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

«электрондық үкіметтің» www.egov.kz,

www.elicense.kz веб-порталы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Электрондық хат – эскизді (эскиздік жобаны) келісу не осы стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық түрде (толық автоматтандырылған).

Көрсетілетін қызметтің стандартының толық нұсқасын төмендегі QR код арқылы көруге болады.

Дата публикации
08 февраля 2022