2022 жылға арналған Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушыларды электораттық оқыту жайлы күнтізбелік жоспары

 

 

                                                                      

                     «КЕЛІСЕМІН»    

                     Созақ ауданы әкімі

                    аппаратының басшысы

                  

                  _______________Қ.Оразов

 

         «БЕКІТЕМІН»

Созақ аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

 

_______________ Ә.Сахиұлы

                                                                                                                                                      

                                                                                                                                                         Созақ аудандық аумақтық

                                                                       сайлау комиссиясының

                                                                       2022 жылғы «_31_» _қаңтардағы       

                                                                       № 85   шешімімен бекітілген.

              

 

2022 жылға арналған Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

сайлау процесіне қатысушыларды электораттық оқыту жайлы

күнтізбелік жоспары

 

№ п/п

Сабақтардың негізгі іс-шаралары

мен тақырыбы

Орындау нысаны

Орындау мерзімдері

Орындаушылар

Бірлесіп орындаушылар

1.                 

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру:

- Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері арасында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысын ұйымдастыру – 1 ақпан;

- УСК және АСК мүшелерінің «Конституциялық құқық таңдау және сайлану» тақырыбында оқу орындарының оқушыларымен кездесулер өткізу – 1 ақпан;

-    учаскелік және аумақтық комиссияларда Ашық есік күні – 4 ақпан;

- Мектеп оқушылары арасында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының Жалпы бөлімі туралы Флешмоб ұйымдастыру – 2 ақпан;

Кездесулер, дөңгелек үстелдер, сынып сағаттары, БАҚ-та сөз сөйлеулер

1-4 ақпан

АСК

УСК-лер

ЖАО

 

2.                 

ЖАО-мен, ҮЕҰ-мен, саяси партиялармен олардың өкілдерін Қазақстанның сайлау заңнамасына оқыту туралы бірлескен жоспарлар жасау және оларға қол қою.

Оқыту бағдарламасын бекіту және спикерлер пулын қалыптастыру.

Бірлескен іс-шаралар жоспары,

Оқыту бағдарламасы

 

 

 

3-10 ақпан

АСК

ЖАО, ҮЕҰ, саяси партиялар

3.                 

АСК, УСК мүшелерін, ЖАО қызметкерлерін ЖТМДҚ және «Сайлау» ААЖ базасында бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша оқытуды ұйымдастыру

 

 

Семинарлар, тренингтер

 

наурыз

АСК,

УСК-лер

ЖАО

4.                 

Саяси партиялар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің төмендегі мәселелер бойынша оқуын ұйымдастыру:

* Ауылдық округтер әкімдері мен мәслихаттар депутаттарын сайлау;

* Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету;

* Сайлау алдындағы үгітті және пікірсайысты жүзеге асыру нысандары

 

Семинарлар, тренингтер

сәуір

 

АСК

ЖАО, саяси партиялар, ҮЕҰ, БАҚ

 

5.                 

Жастар ұйымдарының өкілдерімен келесі мәселелер бойынша кездесулер ұйымдастыру:

* оқытудың жаңа түрлерін пайдалана отырып, жастарға электораттық-құқықтық білім беру;

* АСК-ның жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылы;

* жұмыс істейтін жастар арасында оқыту іс-шараларын өткізу.

 

Хакатон,

Печа-Куча, конференциялар,

Open Space

мамыр

 

АСК

ЖАО, жастар ұйымдары

6.                 

«Сайлау-жастардың ісі!» тақырыбында жастар лагерлерін ұйымдастыру

 

Жастар лагері

маусым

АСК, ЖОО, колледждер

ЖАО, жастар ұйымдары, ҮЕҰ

7.                 

Байқаушылармен, байқаушыларды жіберетін қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен «Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік және құқықтық санкциялар» тақырыбында оқытуды ұйымдастыру

 

 

семинарлар,

ТД хабарлар

шілде

АСК

ЖАО, ҮЕҰ

8.                 

Әртүрлі санаттағы мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен «Әртүрлі санаттардағы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау учаскелеріне қолжетімділік құқықтарының сақталуын бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізу

 

дөңгелек үстел, жергілікті ТД хабарлар

тамыз

АСК

ЖАО, ҮЕҰ

9.                 

Құқық қорғау органдарының өкілдерімен «Сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік, сайлау даулары, өтініштермен жұмыс, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша АСК-лардың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы» тақырыбында кездесулер ұйымдастыру.

Дөңгелек үстелдер, кездесулер

қыркүйек

АСК

Әділет департаменті, прокуратура, соттар, полиция департаменті

 

10.              

Кәсіптік-техникалық деңгейіндегі студенттер арасында сайлау заңнамасын білуге арналған олимпиаданың өңірлік кезеңін ұйымдастыру және өткізу.

Мектептегі өзін-өзі басқару сайлауын өткізу

 

Колледж, студенттері, мектеп оқушылары арасында өңірлік кезеңдердің жеңімпаздарын анықтау

қыркүйек, қазан

ЖАО

АСК,

УСК-лер

11.              

 «АСК-да іс жүргізу, құжаттарды сақтау және мұрағатқа тапсыру. Сайлау учаскелерін техникалық жарақтандырудың мониторингін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша оқуды ұйымдастыру

 

Семинарлар

қараша

АСК

ЖАО

12.              

Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға қатысатын аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқытуды және тестілеуді ұйымдастыру

 

ОСК-ның электрондық сертификаттары

жыл бойы

АСК

УСК-лер

13.              

Күнтізбелік жоспарды орындауды қорытындылау. АСК және УСК мүшелерін аттестаттау  

 

Есеп. Аттестаттау.

желтоқсан

АСК

УСК-лер

 

          Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

АСК – аумақтық сайлау комиссиясы;

УСК – учаскелік сайлау комиссиясы;

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер, басқармалар, департаменттер);

ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық ұйымдар, қорлар);

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары (газеттер, теледидар, радио, әлеуметтік желілер)

 

 

                                    Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы                                             Р.Оспанов

                                                                                                                                                            

Дата публикации
04 февраля 2022