Шолаққорған ауылдық округінің 2022 – 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолаққорған ауылдық округінің 2022 – 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолаққорған  ауылдық округінің2022-2024 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Шолаққорған ауылдық округінің

негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 18287 адамды құрады.

Жер көлемі.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі –270419 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі – 59 181,4 гектар, егістік көлемі –2403 гектар, жайлымдық көлемі –56 346,8 гектар, шабындық жерлер – 431,6гектар.

 

Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны – 16 001 бас, жылқы –7 462 бас,түйе –1 811 бас,сиыр –6 728 бас,қой мен ешкі – 32 153бас  құрайды.

 

Кәсіпкерлік.Елді мекенде–5кәсіпорындар,базар – 2,дүкендер – 316,

Монша –19,шаштараз – 16,қоғамдық тамақтану орындары – 24,интернет клубтары – 6.

Жеке кәсіпкерлер саны – 385.

Өндірістік кооперативтер – 3

Мал бордақылау алаңы – 4

Мал ұрықтандыру бекеті – 1

Өлексе тастайтын шұңқырлар – 1

 

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесіорталықтандырылған.

 

2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:

Жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) –19450 теңге;

Зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 теңге;

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;

Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3 063 теңге.

 

 

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған Шолаққорған  ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

 

2022 – 2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2022 –2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 74 шешімімен бекітілді.

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

179 178,0

164 160,0

172 222,0

Салықтық түсімдер

41 151,0

74 847,0

78 330,0

Салықтық емес түсiмдер

2 792,0

3 190,0

3 294,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

135 235,0

86 123,0

90 598,0

Субвенция

135 235,0

86 123,0

90 598,0

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

-

-

-

Шығындар, оның ішінде:

179 178,0

164 160,0

172 222,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

103 021,0

164 160,0

172 222,0

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

42 617,0

81 492,0

83 767,0

Елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру

25 140,0

23 774,0

25 439,0

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

8 200,0

58 680,0

62 787,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200,0

214,0

229,0

 

2022 – 2024жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

 

 

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2022–2024жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

Әлеуметтік сала шығындары

 

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 103021,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

Әлеуметтiк сала бойынша жалпы мәлімет

 

 

          Зейнеткерлер саны – 1 794,Ұлы Отан соғыс ардагерлері – 1,тыл ардагерлері – 78, батыр аналар саны – 21,алтын алқа иегерлері – 255,күміс алқа иегерлері – 350,Ауған соғысының ардагерлері – 7,Семей полигоны зардап шеккендер – 16,Чернобыль апатына қатысқандар – 1,жеке басты қарттар – 24,мүгедек азаматтар – 752,бала кезінен мүгедектер – 187,туылған бала саны – 552,қоғамдық жұмысқа жіберілгендер – 426,жастар практикасына жіберілгендер – 82,қысқа мерзімге оқуға жіберілгендер – 33.

          2021 ж 12 айда 547 отбасына АӘК берілді.

          Оның ішінде шартты – 498 отбасы, шартсызы – 49 отбасы.

         

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

 

 

          Бұл сала бойынша 2022 жылға – 67757,0мил теңге қаралды. Атап айтқанда,елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру– 42 617,0 мил теңге,елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына – 25 140,0миллион теңге қаралған.

 

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

 

          2022 жылы  машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу үшін – 8200,0 мың теңге қаралған.

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

          2022 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге – 200,0 мың теңге қаралған.

 

 

Дата публикации
26 января 2022