Қаратау ауылдық округінің 2022 – 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
(қаңтар айы)
Қаратау ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Қаратау ауылдық округінің
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны 2 150 адамды құрады.
Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 605,1 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 30,213 гектар, егістік көлемі 335 гектар, жайлымдық көлемі 604,383 гектар.
Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округте ірі қара саны 2 257 бас, қой мен ешкі 15 142 бас, жылқы 1 090 бас,түйе 964 бас, кұс 2 485 бас құрайды
Кәсіпкерлік. Елді мекенде 3 ауыл шаруашылығы кооперативі, 28 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны -16.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 19 450 теңге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3 063 теңге.
2022-2024 жылдарға арналған Қаратау ауылдық округі
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары
Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсанағы №74 шешімімен бекітілді.
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
49 796 |
64 850 |
66 618 |
|
Салықтық түсімдер |
35 423 |
42 644 |
44 412 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
|
|
|
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
14 373 |
22 206 |
22 206 |
|
Субвенция |
12 206 |
22 206 |
22 206 |
|
Ағымдағы мақсатты трансферттер |
2 167 |
|
|
|
Бюджет қаражатының бос қалдықтары |
|
|
|
|
Шығындар, оның ішінде: |
49 796 |
64 850 |
66 618 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
48 996 |
50 202 |
49 202 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
600 |
14 448 |
17 216 |
|
Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік |
200 |
200 |
200 |
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округ бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына
48 996,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2022 жылға 300,0 мың теңге қаралған. Атап айтқанда,
елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 300,0 мың теңге; елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 300,0 мың теңге қаралған.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
2022 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық
іс-шараларды өткізуге 200 мың теңге қаралған.