Қыземшек кентінің 2022 – 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыземшек кентінің

2022 – 2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыземшек кентінің2022-2024 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Кенттің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Кент бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Кент бюджетінің түсімдері;
  • Кент бюджетінің шығыстары.

 

 

Қыземшек кентінің

негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны4847 адамды құрады.

Жер көлемі.Кенттің жалпы жер көлемі 23231,28 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 22682,33 гектар, оның ішінде егістік көлемі 671,46 гектар, жайлымдық көлемі 22010,87 гектар.

Ауыл шаруашылығы.Кенттіңірі қара саны 1107 бас, қой мен ешкі 2752 бас, жылқы 1175 бас,түйе 29 бас құрайды.

Кәсіпкерлік.Елді мекенде 5 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны -55.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесіорталықтандырылған.

 

 

2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 

жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге)–19 450 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3063 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған Қыземшек кенті

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Кент бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

Кент бюджетінің түсімдері және шығындары

 

2022-2024 жылдарға арналған кент бюджеті Қазақстан РеспубликасыныңБюджет кодексіне, «2022-2024жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Кент бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Кент бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсан №74 шешімімен бекітілді.

 

2022-2024 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

70 068

58 126

58 126

Салықтық түсімдер

21 530

24 927

26 104

Салықтық емес түсiмдер

1 618

1 638

1 710

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

54 920

31 561

30 312

Субвенция

53 199

31 561

30 312

Шығындар, оның ішінде:

70 068

58 126

58 126

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

47 847

33 876

33 876

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

21000

24000

24000

Мемлекеттік мекемменің күрделі шығыстары

7300

0

0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

250

250

 

2022-2024жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

 

 

Кент бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2022-2024жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2022 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 47 847,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

 

          Бұл сала бойынша 2022 жылға елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 21 000,0 мың теңге қаржы қаралып отыр, олар 5000,0 мың теңге көркейту көгалдандыру жұмыстарына, 16 000,0 мың теңге кент түрғын үйлер алдына балалар ойын алаңшаларын салу үшін қаралды.

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

          2022 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге 200,0 мың теңге қаралды.

Дата публикации
20 января 2022