Шолаққорған ауылдық округінің 2021– 2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
(қазан)
Шолаққорған ауылдық округінің2021-2023 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Шолаққорған ауылдық округінің
негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2019 жылдың 1 қаңтарына халық саны18251 адамды құрады.
Жер көлемі.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 270419 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 54 943,7 гектар, егістік көлемі 2403 гектар, жайлымдық көлемі 51 922,5 гектар, шабындық жерлер-845 гектар.
Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны 5 500 бас, қой мен ешкі 52 132 бас, жылқы 4112 бас,түйе 2 414 бас,сиыр6 587 бас құрайды.
Кәсіпкерлік.Елді мекенде 3кәсіпорындар,базар-1,дүкендер-118,
монша-18,шаштараз-13,қоғамдық тамақтану орындары-19,интернет клубтары-6.Жеке кәсіпкерлер саны -344.
Өндірістік кооперативтер-4
Мал бордақылау алаңы-5
Мал ұрықтандыру бекеті-1
Өлексе тастайтын шұңқырлар-1
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесіорталықтандырылған.
2021 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 18524 теңге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 43 272теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 2 917теңге.
2021-2023 жылдарға арналған Шолаққорған ауылдық округі
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №379 шешіміне өзгерістер енгізу туралы №18 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 08.10.2021 жылы №50 тіркелген шешімімен бекітілді
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
88 476,0 |
85 329 |
90 448 |
|
Салықтық түсімдер |
38 212,0 |
78 037,0 |
81 624,0 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
2 840,0 |
|
|
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
47 424,0 |
|
|
|
Субвенция |
36 174,0 |
|
|
|
Ағымдағы мақсатты трансферттер |
11 250,0 |
|
|
|
Бюджет қаражатының бос қалдықтары |
24 236,0 |
|
|
|
Шығындар, оның ішінде: |
109 712,0 |
110305,0 |
110 305,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
92 953,0 |
92 953,0 |
92 953,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
16 209,0 |
17 140,0 |
17 140,0 |
|
Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік |
200 |
212 |
212 |
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округ бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2021-2023 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.
Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2021 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 92953,0мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Әлеуметтiк сала бойынша жалпы мәлімет
Зейнеткерлер саны – 2069,Ұлы Отан соғыс ардагерлері – 2,тыл ардагерлері – 111, батыр аналар саны – 87,алтын алқа иегерлері – 255,күміс алқа иегерлері – 316,Ауған соғысының ардагерлері – 7,Семей полигоны зардап шеккендер – 33,Чернобыль апатына қатысқандар – 1,жеке басты қарттар – 29,мүгедек азаматтар – 631,бала кезінен мүгедектер – 154,туылған бала саны – 1312,ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендер – 198,жастар прпктикасына жіберілгендер – 83,қысқа мерзімге оқуға жіберілгендер – 123.
2019 ж 9 айда 1 003 отбасы АӘК құжат тапсырған, 802 отбасы – 4 534 адам комиссияның оң қортындысн алып, 807 723,0 мың теңге АӘК берілді.
Оның ішінде шартты – 699 отбасы, шартсызы – 103 отбасы, 201 отбасына АӘК-гі беруден бас тартылды.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2021 жылға – 16 209,0мил теңге қаралған. Атап айтқанда,елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру– 11 579,0 мил теңге,елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына – 4 630,0миллион теңге қаралған.
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
2021 жылы машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу үшін – 3 350,0 мың теңге қаралған.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
2021 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге – 200,0 мың теңге қаралған.