Сызған ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (желтоқсан айы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызған ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

(желтоқсан айы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызған ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Сызған ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны 4142 адамды құрады.

Жер көлемі.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 195,796 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 41,848 гектар, егістік көлемі 680 гектар, жайлымдық көлемі 80,324 гектар.

Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны 3157 бас, қой мен ешкі 28556 бас, жылқы 1711 бас,түйе 625 бас, кұс 3219 бас құрайды

Кәсіпкерлік.Елді мекенде 1ауыл шаруашылығы кооперативі, 95 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны -26.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2020 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  16 037 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 36108 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 42500 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 2 917 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021-2023 жылдарға арналған Сызған ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28желтоқсандағы №379 шешімімен бекітілді.

 

2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2020жыл

2021 жыл

2022 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

109986

61 761

61553

Салықтық түсімдер

2943

6 542

3492

Салықтық емес түсiмдер

245

240

260

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

106798

54979

57801

Ағымдағынысаналытрансферттер   402301

41109

8962

 

Субвенция                                           402303

23708

46017

57801

Субвенция                                           402305

30040

0

 

Субвенция                                           402308

11941

0

 

Шығындар, оның ішінде:

111131

66842

61553

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

36987

48475

39389

Бiлiм беру

15706

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

47928

18167

21664

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

200

500

 

мың теңге

 

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2021-2023 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2021 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 39713 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

          Бұл сала бойынша 2021 жылға  18167  мың теңге қаралған. Атап айтқанда, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 500 мың теңге, елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 2700 мың теңге қаралған.Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру жұмыстарына 14 967 мың тенге.

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

          2020 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге 200 мың теңге қаралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 декабря 2021