Жуантөбе ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Қаңтар айы
Жуантөбе ауылдық округінің2021-2023 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Жуантөбе ауылдық округінің
негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны2063 адамды құрады.
Жер көлемі.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 356,807 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 202,046 гектар, егістік көлемі 5 гектар, жайылымдық көлемі 356,472 гектар.
Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округтеірі қара саны 2788 бас, қой мен ешкі 15846 бас, жылқы 976 бас,түйе 1171 бас, кұс 1626 бас құрайды
Кәсіпкерлік.Елді мекенде 1ауыл шаруашылығы кооперативі,8 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны -35.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесіорталықтандырылған.
2021 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 18 524 тенге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 42 272 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 2 917 теңге.
2021-2023 жылдарға арналған Жуантөбе ауылдық округі
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан РеспубликасыныңБюджет кодексіне,«2021-2023жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №379«2021-2023 жылдарға арналғанауылдық округтер және кенттер бюджеті туралы» сәйкес бекітілді.
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
28489 |
|
|
|
Салықтық түсімдер |
3296 |
|
|
|
Салықтық емес түсiмдер |
0 |
|
|
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
25193 |
|
|
|
Ағымдағы мақсатты трансферттер |
0 |
|
|
|
Субвенция |
25193 |
|
|
|
Шығындар, оның ішінде: |
28489 |
|
|
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
27489 |
|
|
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
800 |
|
|
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
200 |
|
|
2021-2023жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округ бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2021-2023жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.
Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2021 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 27489 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2021 жылға 800 мың теңге қаралған. Атап айтқанда,елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 300 мың теңге,елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 500 мың теңге қаралған.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
2021 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге 200 мың теңге қаралған.