«Даму-Өңдіріс» бағдарламасы!
«Даму-Өңдіріс» бағдарламасы – өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетеді. Ел экономикасының өрлеуіне серпін беретін мұндай кәсіпорындардың дамуы – маңызды мақсат, ал ол жолда қолдау көрсету – негізгі міндет. Бағдарлама аясында жеңіл несие алатын жандар үшін жақында сүйінші жаңалық болды. Атапө тсек:
Бір кәсіпкердің қолына тиетін максимал сома: бұрын 1 млрд 850 млн теңге болса: қазір - 3 млрд 600 млн теңгеге дейін ұлғайды
Тіркелгеніне 6 айдан аспаған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру сомасы бағдарламаның 1 траншы аясында 60 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
Ал бұған дейінгі басымдық берілген салаларға тағы не қосылды? Тізбесін қараңыз:
1071 – Ұзақ сақталмайтын нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі
1072 - Кепкеннан мен печенье, ұннан жасалған ұзақсақталатын кондитерлік өнімдер өндірісі
1082 - Какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдер өндірісі
1083 – Шай және кофе өндірісі
1084 - Дәмдеуіштер мен дәмбергіштер өндірісі
Несие негізгі құралдарды сатып алу; айналым қаражатын толықтыру; қайта қаржыландыруға 10 жылға дейін, 6%-бен беріледі.
Бағдарлама аясында қолдау алу үшін екінші деңгейлі банкке бару керек.
Бағдарлама шарттары туралы толығырақ Қордың сайтынан https://damu.kz/programmi/loans/MSB3/ сілтемесі бойынша біле аласыз немесе 1408 – Қордың байланыс орталығына хабарласуға болады.
⠀
«Даму» Қоры. Біздіңқолдауымыз – Сіздің дамуыңыз.